«Саят Медеуовтың үш әйелі бар»: Белгілі журналист әншінің сырын ашты

0

 «Талантым-тағдырым» бағдарламасының Мақсат Базарбаевпен болған кезекті шығарылымында жүргізуші Анна Данченко Саят Медеуовтың үш әйелі барын айтып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мақсат Базарбаевпен өнердегі жұлдыздардың екі әйел алуы туралы әңгіме өрбітіп отырған Анна Данченко Саят Медеуовтың үш әйелі барын айтты.

«Өнерде жүрген бауырларыңыз бар. Сол кісілердің арасында екінші, үшінші отбасым бар деп айтатындары бар, айтпатындары бар. Жария ететіндер де, етпейтіндер де бар ғой. Жасырын түрде. Сіздің өнердегі досыңыз, жерлесіңіз Саят Медеуов ағамыздың, менің білуімше, үш әйелі бар. Олар бір көшеде тату-тәтті тұрады. Ол кісі ашық айтпағанымен, көпшілік біледі. Қажеттіліктен туындаған дүние ме, әлде мүмкіндігі бар болғаннан кейін сөйтіп жасап жатыр ма, әйтеуір, бір көшеде үш отбасы тұрады. Балалары бір-бірімен араласады екен», — деген Данченконың пікіріне Мақсат былай деп өз ойын айтты.

«Мен үшіншісінің бар дегенін сізден естіп отырмын. Екіншісінің бар екен білемін. Өйткені, Сәкең де көп нәрсені аша бермейтін кісі. Екінші жеңгеміз жақында ғана ұлды болды. Бірақ ол кісі сіз айтқандай ақшасы көптігінен емес, ұл қажет болған соң осылай жасады деп ойлаймын. Ал бірінші әйелінен қыз балалар», — деді Мақсат Базарбаев.

stan.kz