Саясаттанушы: Тоқаев — дарынды дипломат

0

Тұрар Лаумулин Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге Сыртқы істер министрлігінде қызмет атқарған.

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР президентінің уақытша міндетін атқарушы болып тағайындалды. Оның жеке әрі кәсіби сипаты жайлы Zakon.kz тілшісі оның бұрынғы әріптесі, саясаттанушы Тұрар Лаумулиннен сұрап білді.

Тұрар Лаумулин Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге ҚР Сыртқы істер министрлігінде қызмет атқарған.

— Қасым-Жомарт Тоқаев – жоғары деңгейлі кәсіби маман. Олай болмағанда Президент оған өз міндетін уақытша атқаруға бермес еді. Әлемдік аренада ол биік белестерді бағындырары анық. Ол — дарынды дипломат. Ол БҰҰ бас хатшысының орынбасары болды — бұл көп нәрсені дәлелдеп береді. Ол дипломаттық әлемге ене алды. Ол болмағанда кім болады? — деді Тұрар Лаумулин.

Іскерлік қабілеттерінен бөлек, Тоқаев адамгершіл, жұмсақ қасиетке де ие.

— Егер сайлауға түссе, мен жеке өз басым соған дауыс берер едім. Мен оны адам ретінде бұрыннан білемін, біз СІМ-де бірге жұмыс істедік. Ол өте жұмсақ қайырымды адам, адамдармен жақсы тіл табыса алады. Нағыз алматылық, ол Киров көшесінде өсті. Ол өте керемет интеллигенттік отбасында өскен, сол оның тәртібіне әсер етті. Оның білімі өте жоғары – ол Мәскеуде оқыды, сосын Бейжіңде жұмыс жасады – жастайынан өзінің машықтығын көрсетті, — деп түйіндеді саясаттанушы.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

kaz.zakon.kz