Тоқаев жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды

0
64

Қазақстанның уақытша президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды. Бұл – Тоқаевтың президенттік қызметтегі алғашқы іс сапары.

Тоқаев сапары барысында облыс орталығының және әлеуметтік нысандарының құрылысымен танысып, аймақ халқымен кездеседі.

Қазақстанда 30 жылға жуық билік құрған Назарбаев 19 наурызда кенеттен президент қызметінен кететінін жариялаған. Ол мәлімдемесінде сайлау өткенше Қасым-Жомарт Тоқаев президент болатынын айтқан. Тоқаев 20 наурызда ант беріп, қызметіне кіріскен.

Билік басына совет заманында көтерілген Назарбаев әуелі экономиканы дамыту саясатын ұстанатынын жиі мәлімдеген, бірақ халықаралық және жергілікті құқық қорғау ұйымдары оны қоғамды демократияландыруды тежеді, отбасы мүшелерін мемлекет қызметі мен ірі бизнес саласына орнықтырды деп сынап келген.

Azattyq