Саяхатының соңы өліммен аяқталған адамдар жайлы не білеміз? — новости Казахстана
Адамның жоспары мен қиялына шек жоқ. Алайда, олардың барлығы ойдағыдай орындала бермейді. Себебі, жарқын келекшекті күткен жандар кез келген уақытта ажал құрсауына түсіп қалуы мүмкін. Ендеше, саяхаттауға аттанып, өмірлерімен ойда-жоқта қош айтысқан адамдар туралы Bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ жазады.
1. Эксцентрлі суретші әлем маршы уақытында той көйлекпен қаза тапқан
2008 жылдың көктемінде 33 жастағы суретші Пиппа Бакка бейбітшілік пен махаббаттың белгісіндей көйлек киіп, Шығыс Еуропа мен Таяу Шығысқа аттанып кеткен. Ол өз саяхатын құрбысы Сильия Моромен бірге 8 наурыз күні бастаған көрінеді.
Осылайша, ақ көйлектегі әйелдер Миланнан Тель-Авивке жол тартып, жол бойы түрлі акциялар ұйымдастырып отырған. Олар халықтың бойына махаббат пен мейірімділік ұялатқысы келіпті.
Италиялық ару барлық саяхат бойы өз жақындарымен хабарласып отырған екен. Ақырында ол Италиядан, Балқан елдерінен өтіп, Түркияға жеткен көрінеді. Саяхат уақытында келіншек италиялық БАҚ өкілдерімен де байланыста болыпты.
Алайда ару 31 наурыз күні жоғалып кеткен. Анықталғандай, жоғалғаннан бірнеше күн бұрын ол құрбысымен ренжісіп, саяхатын жалғыз жалғастырып кетіпті.
Кейін белгілі болғандай, түрік жерінде Пиппаны 38 жастағы азамат тонап, зорлап тастаған екен. Өз қылмысын жасыру үшін өз құрбанын тұншықтырып өлтіріпті.
Полиция қанішерді марқұмның телефон нөмірін пайдаланған соң тауып алған.Ұсталған соң ол италиялықтың денесін қайда жасырғанын айтып берген.
Ақ киімдегі суретшінің денесі Стамбұл маңындағы орманда, бұтақтардың арасынан табылған.
2. Ғашықтардың велосипедпен жасаған саяхаты Тәжікстан тауларында аяқталды
29 жастағы америкалық Джей Остин мен Лорен Джохеген Гейган өткен жылдың шілде айында Америка Құрама Штаттарынан велосипедпен шығып кеткен. Осылайша, қос ғашық 369 күн бойы әлем аралаған көрінеді.
Оңтүстік Африканы, Марокконы аралап, Шығыс Еуропа мен Тәжікстанға жеткен олар Шығыс Азия мен Австралия арқылы Америкаға оралмақ болыпты. Алайда жұптың бұл жоспары орындалмай қалған.
Өз саяхаттарын халық назарына ұсынып отыратын жұп Тәжікстан жерінде 9 шілде күні көз жұмады. Дәл сол қаралы күні сағат 15:30- да Куляб-Душанбе көлік жолында шет елден келген туристерге шабуыл жасалыпты.
Онда қылмыскерлер көліктерден түсіп, туристерді пышақпен, балтамен ұрғылып тастаған екен. Нәтижесінде, төрт адам көз жұмып, екі адам жарақат алған.
Қайтыс болған шет елдіктердің ішінде Джей Остин мен Лорен Джохеген Гейган. да бар болып шыққан.
Ал оларды өлтірген 1992-1999 жылы туған жергілікті азаматтар екен.
3. Бірінші елде-ақ өлтіріп кеткен
Мексикалық 25 жастағы Мария Матус Тенорио өз музыкасымен бөлісу үшін саяхаттауға аттанған. Ол ән жазып, түрлі аспаптарда ойнағанды жақсы көріпті. Өз өнерін халыққа паш еткісі келген бойжеткенді бірінші саяхаттап барған елінде, Коста-Рикада зорлап, өлтіріп кеткен екен.
Ол Британиядан келген туристпен танысып, Коста-Рикаға аттанады. Әлем саяхатын бастағанына қуанып, жағажайда қыдырып жүрген қызға екі азаматтың көзі түскен екен. Артынша олар қызды алып кетіп, зорлап тастапты.
Марқұмның денесін жергілікті полиция қызметкерлері тауып алған. Күдіктілер Эскивель Сердас мен Бенавидес Мендоза сол күні-ақ ұсталған.