Түн ішінде атыс болды | КТК

0
Түн ішінде атыс болды


28 желтоқсан күні Дания астанасы Копенгагеннің Тингбьерг ауданында атыс болды.

Бұл туралы қала полициясы twitter-де мәлім етті.

«Копенгаген полициясына Тингбьергте атыс болғаны туралы хабарлама алдық. Оқиға болған жерге лезде полция қызметкерлері жаппай жұмылдырылды», — делінген хабарламада.

Оқыс оқиға туралы нақты мәліметтер берілмеуде. Жергілікті құқық қорғау органдарының айтуынша, қазір оқиға орнында тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатыр.