Сағынтаев тұрғындарды мазалаған мәселенің қалай шешілетінін айтты

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

«Алматы» 2-ші газ тарату станциясының қуаты қаладан тыс жерге шығарылады

НҰР-СҰЛТАН, 8 қыркүйек — Sputnik. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада газ иісінің қалай жойылатынын айтты. Ол бірқатар жерді аралап, жергілікті тұрғындармен сөйлесті.

Сағынтаев тұрғындардың «Алматы» 2-ші газ тарату станциясынан шығатын газ иісіне шағымданатынын айтты. «ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясы сыйымдылықтарды одорантпен (газға арнайы иіс беру үшін қосылатын зат – Sputnik) толтыру кезінде төгілетін газды тазалауға арналған қосымша сүзгілер орнатқан.

«ГТС-2 қуатын Алматы қаласынан тыс жерге шығару» жобасы аясында «ҚазТрансГаз» АҚ-мен «Қайрат» стансасында жалғастырушы газ құбырын салу мәселесі пысықталуда. Осылайша ГТС-2 газ тарату пунктіне ауыстырылады. Бұл ретте одоризация жүйесі қаладан тыс жерге шығарылады», – деп жазды қала әкімі өзінің Instagram парақшасында.

Сондай-ақ, Сағынтаев Баум бағын абаттандыру қажет екенін атап өтті. Бірегей саябақ аймағының экологиялық балансын бұзбайтын табиғи материалдарды пайдалануды ескеруді тапсырды.

Тағы оқыңыз: Тасмағамбетов пен Сағынтаев Алматыда кездесті

Әкім Үлкен Алматы каналына су жіберу мәселесін де қозғады. Ол жерде  жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, әкім тұрғындардың өтініші бойынша «Дорожник» ықшамауданындағы Есентай өзенінің бойында саябақ аймағын құру мүмкіндігін қарастыруға уәде берді.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз