Садриддин Ахмедов қарсыласын нокаутпен жеңді

0

Астана, BAQ.KZ. Жастар арасында әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов Канаданың Римуск қаласындағы Le Centre Financiere Sun Life ойын-сауық кешенінде өткен бокс кешінде жекпе-жек өткізді.

Қарсыласы 27 жастағы мексикалық Хосе Франсиско Суньига (14-11-2, 5 КО) болды. Алты раундқа есептелген бірінші орта салмақ бойынша жекпе-жекте Ахмедов уақытынан бұрын жеңіске жетті. Ол қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсірді. Осылайша қазақстандық боксшы кәсіпқой бокстағы карьерасында бесінші рет жекпе-жекті ерте аяқтап отыр. Ал оның қарсыласы 12-рет жеңіліс тапты.

Еске сала кетсек, Садриддин Ахмедов 7 сәуір күні кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізген болатын. Ол 31 секундтың ішінде мексикалық Тони Баррерасты (1-2, 1 КО) жеңіп, одан кейні Ариэл Алехандро Сампедримен (9-5, 7 КО), Густаво Гарибаймен (14-11-2, 6 КО) және Хесус Хавьер Мендоспен (7-6-1, 6 КО) кездесіп, оларды нокаутқа түсірген болатын.

Садриддин Ахмедовтің келесі жекпе-жегі 14 желтоқсанға жоспарланған.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:


Дереккөз: BAQ.KZ