физика пәнінен интеллектуалды сайыс сабақ

0
Тақырыбы: «Көкпар» физикалық сайыс
Мақсаты: Оқушылардың нақты пәндер бойынша ой — өрістерін, білімдерін кеңейту, ізденуге, зерттеуге, тұжырымдар жасауға баулу, өз ойын ашық жеткізе білуге, пәнге деген қызығушылығын арттыру, озық ойлылыққа тәрбиелеу.
Жоспары:
1. «Таныстыру»
2. «Блиц — турнир».
3. «Мені танып ал»
4. «Бұл неліктен» атты зертханалық тәжірибе.
5. «Біліміңді сынап көр» викториналық сұрақтар.
6. «Жұмбақтар».
7. Капитандар сайысы
Барысы: 1 — жүргізуші:
Армысыздар, ағайын,
Ағайын тілін табайын.
Бармысыздар бауырлар,
Өкпе жоқ, бізде бауыр бар.
Есенбісіз ұстаздар,
Шаршамайтын қыс — жаздар.
2 — жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме, физикалық сайысқа қатысушы, аяулы ұстаздарымыз, мектеп оқушылары!
1 — бастаушы: Армысыздар, қадірлі қонақтар, құрметті көрермендер! Бүгін 8 кластар аралығында физика пәнінен өткелі тұрған «Көкпар» атты физикалық сайысымызға қош келдіңіздер!
2 — бастаушы: Халқымызда жақсы бастама жалғасын тапса, сәтті болғаны деп жатады ғой. Ендеше, бүгінгі күн көпшілік қатысып отырған, сайысымыз сіздердің көңілдеріңізден шығып, қуанышқа бөлесе, жарқын бастамаға ұйытқы болған біздер де қуанарымыз әбден анық.
1 — бастаушы: Құрметті көрермендер, Сіздерге айтарымыз, көңіл — күйлеріңіз көтеріңкі, жүздеріңіз жарқын, мерейлеріңіз әрқашан үстем болсын!!

2 — жүргізуші:
Түсіріп аспан заңын жұмыр жерге,
Бақтырып жұлдыздарды өскен жерге.
Жансызға жан бітіріп, қолға салып,
Физика кереметті көрсетті елге.

1 — жүргізуші:
Ғалымдардың патшасы атанғансың
Архимед, Ньютон, Галилейден бата алғансың
Ақыл — ойды тәртіпке келтіретін
Нағыз пән – физика атанғансың

2 — жүргізуші:
Мінеки мұнда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны біз де қоштаймыз,
Көпшілікті тостырмай,
Міне, қазір бастаймыз.

1 — жүргізуші:
Қайырлы күн көрермен!
Сөз бастайын термелетіп өлеңмен.
Тәрбиелі, білімді боп әрқашан
Өс, өркенде, қанат жайып кемелден, —
дей келе сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Олай болса сайысты бастамас бұрын сөз кезегін оқушыларға берелік:
«Физика әлеміне шолу»

1 — оқушы:
Ғылымдардың пірі,
Табиғаттың тілі,
Физика екен халайық,
Мұны жақсы ұғайық.
Дүниедегі құбылыстың мәнінде,
Табиғаттық қозғалыстың бәрін де,
Мүмкін емес физикасыз түсіну,
Физика дүние кілті бүгінде.
Физика бұл өмірдің,
Асыл бір үлкен саласы.
Жаңарды сол физикамен,
Елімнің өзен даласы.
Бүгін де физика барлық жерде,
Құрылыста, техникада, өндірісте.
Сырларын бұл ғылымның меңгеріңдер,
Шәкірттер ынта қойып үйреніңдер!
2 — оқушы:
Айдан хабар алғызған
Зәулім үйді салғызған
Теңіз суын каналмен
Шөл далаға барғызған
Табиғат сырын аштырған
Тоқпен қазан астырған
Миллион гектар астықты
Комбайнмен бастырған
Физика емей немене?
Ұққанға табиғаттың сыры терең,
Дегенге оқып, зерттеп, көрем, білем,
Демесең болсын егер еңбегім еш,
Әуелі физиканы оқы дер ем.
3 — оқушы:
Зат дегенің бөлшектерден тұрады
Керек десең ол сені былай — былай ұрады
Ыстық жерде тез — тез жүріп,
Ал суықта басын баяу бұрады
Сондықтан да физикада дәл бұны
Броундық қозғалыс деп ұғады
Қозғап — қозғап броундық бөлшекті
Қызық — қызық құбылысты микроскоппен көрсетті
Торичелли ақылдасып Паскальмен
Ауаның да салмағын таразыға өлшепті
Білесің бе, ал бұдан
Атмосфералық қысым деген
Ұғым шықты көрнекті.

2 — Жүргізуші:
Бәріңізге бір сәлем
Онда кешті бастайық.
Бәріміз асып — саспайық
Сөз кезегін келесі
Қатысушыларға тастайық.
Кеште өздеріне арналған
Топтар шықса бастайық.

I Тур. Таныстыру. Бұл турдың шарты әр топ өздерінің атын және топ мүшелерін таныстырады
ІІ — тур. «Блиц — турнир».
1 — топ
1. Зарядтың қандай тегі бар? (оң және теріс)
2. Зарядтың уақытқа қатынасы қандай физикалық шама? (ток күші)
3. Электр өрісінің күштік сипаттамасы не? (электр өріс кернеулігі)
4. Зарядтардың өзара әсерлесуі кімнің заңы бойынша анықталады? (Кулон заңы)
5. Кернеуді қандай құралмен өлшейді? (вольтметр)?
6. Амперметр тізбекке қалай жалғанады? (тізбектей)
7. Элементер заряд шамасы нешеге тең? (1, 6*10 — 19 Кл)
8. Өткізгіштің кедергісі оның ұзындығына қалай тәуелді? (тура пропорционал)
9. Электр тогы дегеніміз не?(зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы)
10. Ом заңын тұжырымда? (тізбек бөлігіндегі ток күші оның ұштарындағы кернеуге тура пропорционал, ал кедергісіне кері пропорционал)
2 — топ
1. Зарядтар бір бірімен қалай әсерлеседі?(аттас зарядтар тебіледі, әр аттас зарядтар тартылады)
2. Электр күшінің зарядқа қатынасы қандай шама?(электр өріс кернеулігі)
3. Электр өрісінің энергетикалық сипаттамасы?(потенциал)
4. Қызған өткізгіштің жылу бөлуі кімнің заңымен анықталады?(Джоуль Ленц заңы)
5. Ток күшін қандай құралмен өлшейді?(амперметр)
6. Вольтметр тізбекке қалай жалғанады?(параллель)
7. к пропорционалдық коэффициент шамасы нешеге тең?(9*109 Нм2/Кл2)
8. Өткізгіштің кедергісі оның көлденең қима ауданына қалай тәуелді? (кері пропорционал)?
9. Өткізгіштер тізбектей жалғанғанда қандай шама тұрақты?(ток күші)
10. Электр тогының жұмысын қандай құралмен өлшейді?(электр есептегіші)
ІІІ — тур. «Мені танып ал»
Бұл сайыста әрбір сұрақтың жауабын анықтаған соң, қазақша, орысша, ағылшынша жазулары керек. Дұрыс жауап – 10 ұпай.
1. Электр шамы (суреті көрсетіледі)?(электр шамы — электрическая лампочка — elektic lamp )
2. Қабат — қабат қаттама. Ақылың болса аттама? (кітап — книга — book)
3. Таразы (суреті көрсетіледі)?(таразы — весы — libra)
4. Тұсбағдар (суреті көрсетіледі)? (тұсбағдар — компас — compass )
5. Телескоп (суреті көрсетіледі)?(телескоп — телескоп — telescope)
ІҮ — тур. «Бұл неліктен» атты зертханалық тәжірибе.
1. Мына сурет бойынша тізбек жиналды. 1 — ші және 3 — ші кілтті қосқанда шам жарық болып жанады. Егер1 — ші және 3 — ші кілтті ажыратып, 2 — ші кілтті қосқанда шамдар нашар жанады. Неліктен?
2. Су төгіле ме? Стаканға су құйып, оның бетін қағазбен жауып, төңкергенде су төгіле ме, әлде төгілмей ме? Төгілмесе неге екенін түсіндір.
V — тур. «Біліміңді сынап көр»
Бұл турдың шарты бойынша әр топ мақал — мәтелдерді қарсы топқа ыммен сол мақалды түсіндіреді. қарсы топ мүшелері сол мақалды дұрыс айтып беруі керек (Жюри мүшелері артистік қимылға, оның дұрыс шешіміне баға қояды
Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
Тас түскен жеріне ауыр.
Оқу — инемен құдық қазғандай.
«Жел соқпаса шөптің басы қимылдамайды.

VІ — тур. «Жұмбақтар» екі топқа бірдей. (Қай топ жауап берсе – 2 ұпай.)

1. Итальян ғалымы
Инерцияны ашыпты.
Оны білген балалар
Залда жүгіруден қашыпты.
Кім болды екен бұл ғалым? (Галилео Галилей)
2. Құралғанын бөлшектен,
Заттардың ерте ұққанды
Болжамын тәжірибе арқылы –
Тек дәлелдеп шықпады.
Қай ғалым еді, балалар,
Кім бар ойлап таба алар?(Демокрит)
3. Бірі тілік, бірі бүтін
Екі сақина алынды.
Тәжірибесімен сол ғалымның –
Ток бағытты табылды.(Ленц)

4. Өмірдегі маңызын
Электромагниттік өрістің
Фарадеймен қоса –
Біле білген ғалым кім?.(Максвелл)
5. Формуласы күрделі
Есептеп жылу мөлшерін
Ойлап тапқан ғалымға
Берген бірлік өлшемін. (Джоуль)
6. Ток күшінің өлшемі
Ағып өткен мөлшері
Физикалық шаманың –
Ғалым атына теңеді.(Ампер)
7. Жылдамдығын жарықтың
Өлшеген дат ғалымы.
Астроном болса да,
Физомен шамалас алынды.(Реомер)
VII тур. Капитандар сайысы. Бұл турдың шарты бойынша әр команданың капитаны өзінің шешендігін және білімін көрсетеді. Белгілі бір заң бойынша қарама — қайшылық туғызылған сұрақ беріледі.
1. «Маған тірек нүкте беріңіз мен жерді көтеремін»- деген Архимед сөзінің практика жүзінде мүмкін еместігін дәлелде.
2. «Архимед туралы аңыз» Архимед ваннаға шомылып жатып «Эврика»- деп айғайлаған, оның нені тапқанын, айтып дәлелдеңіз.
Сайысымызды әділқазы алқасының шешімімен аяқтаймыз.
Жарысқа қатысқан оқушыларды өздерінің еңбегіне қарай марапаттаймыз

Ақтөбе қаласы, №23 орта мектеп-лицейі
физика және математика пәні мұғалімі
Набиева Майра Сарсенгалиевна