Сәбилеріне Мұхаммед есімін қойғандарға 540 мың тг төленеді

0

Шешенстанның тұңғыш президенті Ахмат Қадыров атындағы қор 29 қазанға қараған түні дүниеге келген балаларға Мұхаммед пайғамбар мен оның туыстары және сахабаларының құрметіне ат қойған отбасылардың әрқайсысына 100 мың рубльден (шамамен 542 мың теңге) төлейді.

Бұл туралы Шешенстан үкіметінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Хабарламаға сәйкес, бұл жыл сайынғы акция, бірақ бұған дейін тек оған ер балалардың ата-аналары ғана өтініш бере алған.

«Мұхаммед пайғамбардың көптеген есімдері болған. Олардың ішінде: Ахмад, Махмуд, Хамид, Амин, Шахид және басқалары», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ ұйымдастырушылар пайғамбардың жеті баласы болғанын еске салады: ұлдары – Абдуллах, Ибрахим, Қасым және қыздары – Үммігүлсім, Фатима, Рукайя және Зейнеп.

stan.kz