«Нұрғали ағадан кешірім сұраймын» – телеарна басшысы не үшін кешірім сұрады?!

0

Кеше кешке еліміздегі интернет-ресурстар 82 жасында шаңырақ көтеріп, белгілі журналист Жадыра Сейдешті жар етіп алған, әнші Нұрғали Нүсіпжановтың ұлды болғанын жазып жатты.

«Бәрі құтты болсындап, тілек тіледі» дейді malim.kz.

Әңгіме «Алматы» телеарнасынан шығатын «Paparazzi» бағдарламасынан тараған еді. Бүгін телеарна басшысы Нұржан Жалауқызы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтып, кешірім сұрады.

«Құрметті ФБ оқырмандары!

Кешеден бері қазақ елінің біртуар азаматы Нұрғали Нүсіпжанов ағамыз туралы тарап жатқан ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтқым келеді. Ең алдымен Almaty телеарнасының басшысы ретінде Нұрғали ағадан кешірім сұраймын! Сіздің жүрегіңізге абайсызда түскен осынау қаяу менің әріптестерім үшін үлкен сабақ болары сөзсіз.

Сондай-ақ, телеарнамыздың тапсырысымен дайындалатын Paparazzi бағдарламасының тілшісімен көрермендерге жалған ақпарат таратқаны үшін бұдан былай жұмыс істемейтіндігімізді xабарлаймын», &mdash деді арна басшысы.

 

kaz.caravan.kz