«Сабақ болсын дедім»: Арбаға таңылған Атыраулық әйел, желіде пікір қалдырған адамнан 200 мың теңге өндіріп алды — Қазақстан жаңалықтары

0

Атырауда бойжеткен оған facebook-те пікір қалдырғаны үшін 200 мың теңге талап етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Казинформ» сайтына сілтеме жасап.

космурзиева

«№2 қалалық сотта мүгедектер арбасына таңылған Атырау қаласының тұрғыны Гүлназ Қосмурзиеваның Facebook-тегі парақшасында өзін кемсіткен пікірі үшін Нұр-Сұлтан қаласының тұрғынына қарсы сот отырысы аяқталды. Тыңдау бейнебайланыс арқылы өтті. Сотта екі тарап келісіміге келді. Айыпталушы бастапқыда талап етілген сома 800 мың теңге көлеміндегі айыппұлды төлеуден бас тартқандықтан, оған тек 200 мың теңге төледі », — деді облыстық соттың баспасөз қызметі.

Гүлназ Қосмурзиеваның айтуынша, мүлдем беймәлім астаналық тұрғын Facebook желісіндегі посттардың бірінде кемсітетін пікір қалдырған.

«Мен мүгедектер арбасындағы адамды кемсіту үшін адамның қаншалықты төмен түсе алатындығына қатты таңғалдым. Алғашында моральдық шығынды 800 мың теңгеге бағаладым, бірақ астаналық тұрғын жалақысының аз, көлігі ескі, алимент төлейтіндігін алға тартып, сотқа баласын ертіп келді. Олар бізді қорлағаны үшін түрмеге отырмайды, егер қатаң жаза болса, мен оны басқаларға сабақ ету үшін бірнеше айға соттауға дейін барар едім »,- дейді Гүлназ Қосмурзиева.

 

 

stan.kz