Тоқаев интернетті қымбаттатпауды тапсырды

0
49

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Президент елді мекендерді толықтай мобильді байланыспен қамтамасыз етіп, ауылдардағы мектептер мен медициналық пункттерге интернет желісін жеткізуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 19 ақпан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақтелеком»АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Ескеевті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысына «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының 2019 жылғы қортындылары жайында баяндалып, Smart sity тұжырымдамасының орындалу барысы, «Смарт Ақкөл» жобасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтылды.

Сонымен қатар Қуанышбек Ескеев Қазақстан президентіне «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының «Kcell» және «Tele2» компанияларының акцияларын сатып алғаны, олардың жұмысын интеграциялау шаралары, мобильді қызмет жобасының жүзеге асырылуы жөнінде де мәлімет берді.

Оқи отырыңыз: Тоқаев интернет мәселесіне қатысты тапсырма берді

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қуанышбек Ескеевке елді мекендерді толықтай мобильді байланыспен қамтамасыз етіп, ауылдардағы мектептер мен медициналық пункттерге интернет желісін жеткізуді, сондай-ақ, олардың бағасын қымбаттатпауды тапсырды.

Еске сала кетейік, өткен демалыс күндері қазақстандықтар әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде интернет пен ұялы байланыстың жұмысына жаппай шағымданды. Youtube, Google, Telegram және өзге де желілер жұмыс істемеді.

Кейінірек президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхенде жұмыс сапарымен жүрсе де, барлық ақпарат ресурсының жұмысын қалпына келтіруді тапсырды.



sputniknews.kz