Марғұлан Сейсембайды неге Грузияға кіргізбей қойды
Қазақстандық танымал кәсіпкер Марғұлан Сейсембай Грузияға сапарлап барып, әуежайдан кері қайтуға мәжбүр болды, деп хабарлайды KZNEWS.
Ол бұл жайында өзінің Facebook парақшасында егжей-тегжейлі жазды.
«Достар, айтайын деген жаңалығым онша емес боп тұр. Мені Грузияға кіргізбеді. Мен Гордон академиясының форумында сөз сөйлеу үшін келген едім.
Алайда, Грузия билігі мені қауіпті элемент санап, елге кіргізбеді. Олар мені Михаил Саакашвилиді қолдау үшін бір нәрсе жасай ма деп қорықса керек. Өте өкінішті жағдай. Биліктің сонша қорыққаны қай сасқаны?
Бір себебі бар шығар. Ақиқат олардың жағында еместігін сезіп отқан болар. Жарайды енді.
Енді депортация туралы айтайын.
Қандай да бір адам non-grata болатын жайтты түсінемін, әрине, еш проблема жоқ, бірақ неге бәрін сонша өрескел, әрі дөрекі жолмен жасайды екен? Сонша көп, арсыз өтіріктің қажеті қанша?
Біріншіден, шекарада екі сағат уақытымызды алды. Ештеңе айта алмады. Тек жалған сөйледі.
Біресе жүйе істен шықты деді, біресе ковид формалардың толтырылуын тексеріп жатыр деді, тағы бірдеңелерді айтты.
Екіншіден, басында олар менің отбасымды да кіргізгісі келмеді. Біз наразылық білдіре бастаған соң жоғары жақтағылардың әрең берген келісімінен кейін, әйелім мен балаларымды кіргізді.
Содан кейін мені алдау арқылы ештеңе түсіндірместен ұшаққа отырғызды. Төлқұжатымды қайтаруын талап еткенде, олар оны багажға салғанын және мен оны ұшақ қонғанда бір-ақ алатынымды айтты.
Бізде бес чемодан болған соң қайсысына деп нақтыладым. Сөйтсем, олар бесеуін де ұшаққа тиедік деп тағы өтірік айта бастады. Сонда мен «ал отбасым қайтпек? Ол жерде менің чемоданым біреу-ақ» дедім.
Олар болса, төлқұжатымды дәл менің чемоданыма салғанын айта бастады. «йЧемоданым қандай түсті?» деп сұрағанда олар еш жауап қайтармай мені ұшақта қалдырып, тез арада ізін суытты.
Былай қарағанда депортация жасау — қарапайым, еш қиындығы жоқ іс. Бірақ қаншама өтірік, жауаптан қашу және екіжүзділік! Осы кішкентай эпизод арқылы мен қазіргі грузин билігінің жайын анық көрдім.
Өкінішке орай, енді мен Грузияға кіре алмаймын. Өте өкінішті. Жақсы ел, жақсы адамдар.
Ел алға жасаған қадамдарын жоққа шығарып, бұрынғы қалпына қайта түсті.
P.S.
Есесіне жағдайға куә болған Turkish Airlines стюардессалары мені бизнес-класқа отырғызды. Жол бойы жағдайымды жасап, тамақтандырып, жанашырлық танытты. Көп рақмет оларға!!! Шүкір, өмірде жақсы адамдар бар» деп жазады кәсіпкер.
Еске сала кетейік, таяуда Грузияның бұрынғы үкімет басшысы Михаил Саакашвили қамауға алынған болатын.