Роза Рымбаеваның келінінің аяғы ауыр ма?
Отандық танымал әнші Ақерке Бүркітбай желіде жаңа видео жариялап, елдің қызу талқысына қалды. Қалың көпшілік өнер иесінің аяғы ауыр деп болжауда.
Роза Рымбаеваның келіні Instagram парақшасында Дубайда түскен видеосымен бөлісіп, ел арасында қызу пікірталас тудырды. Бейнежазбада әнші арудың қаланың әсем жерлерінде серуендеп жүргенін көруге болады. Алайда, оқырмандардың бар назары Дубайдың кереметтеріне емес, Ақерке Бүркітбайдың өзіне түскен. Қалың көпшілік Әли Оқаповтың жары тұңғышын күтіп жүр деп топшылауда. «Ана бақытын, әйел бақытын тілеймін Роза апамыздың сұлу да ақылды келіні», «Аяғы ауыр секілді. Бақытты бол», «Роза апамызға ұл туып берші», «Аяғы ауыр ма ? Аман есен босанып алыңыз», «Салмақ қосқан ба? Әлде жүкті ме», — деп жазуда желідегілер. Айта кетерлігі, Ақерке Бүркітбайдың өзі бұл ақпаратты растаған жоқ. Ол халықтың болжамына пікір де білдірмеді.
https://www.instagram.com/reel/CW6pVr2hLbC/?utm_medium=share_sheet