Бекболат Тілеухан Арон Атабекті «елбұзар» деп айыптады

0

«Nur Otan» партиясының белді өкілі, мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан ақын, диссидент Арон Атабек пен Азаттық радиосын «елбұзар» деп айыптады, деп хабарлайды kznews.kz сайты azattyq порталына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, 2006 жылы Шаңырақ оқиғасы кезінде Арон Атабек депутаттың қоғамдық көмекшісі болған. Сол үшін де барын салып, ақынды қолдадым дейді ол.

Бірақ кейін істің анық-қанығын білгенде, қателігін түсініп, «опық жегенін» айтады.