Ринат Зайытов басқаратын театр сахналаған «Абайға» 52 млн. жымқырған кісі режиссер болған

1

Билікке қарсы өткір ойларымен танылған айтыскер ақын Ринат Зайытов күні кеше ғана «Алатау» дәстүрлі өнер театрына басшы болып тағайындалды.

Қатардағы көп тағайындаудың біріне қоғам назары қатты ауды. Әлеуметтік желіде бірі ақынды қызметімен құттықтап жатса, бірі қарғап-сілеп жатты.

Жұрт жаратармағай талқылап жатқан өсектің көшіне еруден аулақпыз. Десек те, бұған дейін сахнада да, сұхбаттарында да жемқорлықты оңдырмай сынап жүретін ақын мырзаның басқаратын тетарының «Абайы» әдемі көрінгенмен, маңайы еріксіз бірнеше сұрақ туындатты.

Әлгі біз көрген Абай атамыздың 175 жылдығына арнайы әзірленген «керемет» қойылымдарының режиссері әрі көркемдік жетекшісі осыдан 3 жыл бұрын жемқорлықпен ұсталып, Қылмыстық кодекстің 24 -бабының 3-тармағы және 366-бабының 2-тармағы бойынша айыпты деп танылып, 52 миллион 500 мың теңге айыппұл салып, мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру жазасына кесілген Ерлан Біләл мырза болып шыққаны бізді қатты таң қалдырды.
Сонда қалай Ринат мырза? Сіздің бұған дейін жемқорлық жайлы айтқандарыңыздың барлығы бос сөз болғаны ма?

Әлде Сіз белгілі себептермен мемлекеттік мекемеге (Алматы қаласы әкімдігіне қарасты) қатардағы қызметкер емес, жетекшілік қызметке тағайындалған Ерлан Біләл мырзаның Әуезов театрында жасап кеткен «схемасын» ақындық ұшқыр ойыңызбен дамытып, ол кісінің тәжірибесін өз «игілігіңізге» пайдалану үшін ұстап отырсыз ба?

Келе сала жан-жақтан өз театрын жарнамалап, радиолар мен әлеуметтік желілерден сайрап жүрген ақиқатшыл директор қалайша осы жайлы тіс жарған жоқ. Неге?
Есіңізде болсын Ринат мырза! Бір ауыз сөзіңізді естісе жоғымызды жоқтайтын ұлымыз бар деп, тілеуіңізді тілеп отырған халық Сізді назарында ұстап отыр. Сондықтан сөзіңізге ісіңіз шынымен сай болса бұл сұрақты бір жақты қыларсыз.

Көркемдік жетекшіңіздің көрпесін жамылғыңыз келмесе ерте күнді кеш қылмай, өзіңізге жаныңыз ашыса жылы орныңызды жылдам тастауға кеңес беремін! Ұлттық өнер Сізсіз де өле қоймас Ринат мырза!

Осы постым тезірек Зайытовтың құлағына жетсін десеңіздер репост жасап таратып жіберіңіздерші.
БАҚ өкілдері, журналистер мен блогерлер осы мәселеге назар аударсаңыздар.

Ержан Сабыров, Facebook парақшасынан