Ресейліктер қазақстандық тұз өніміне шағымданды — Қазақстан жаңалықтары
Ресейдің Руцовск (Алтай) тұрғындары қазақстандық «Аралтұз» өндірушісінің «Славяночка» деп аталатын тұзының құрамынан езілмейтін зат тауып алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Местное время» басылымына сілтеме жасап.
Любовь Ивановнаның айтуынша, тұхдың ішінен әйнек қалдығын тауып алған. Сондай-ақ, тұзды тамаққа қосқаннан кейін топырақ жегендей болады дейді.
Әйел журналистерге хабарласқаннан кейін басылым зерттеу жүргізіп көреді. Стақанға бір қасық тұз салып, үстіне су құйып араластырады.
«Біз оны қалай араластырғанымызға қарамастан, әйнектің түбінде шөгінді қалды. Шынында да, ол сырттан қарағанда ұсақталған минералдар ұсақталған әйнектерге ұқсайды», — делінген мақалада.
Суретте стақанда пайда болған шөгінділер көрсетілген. Айта кету керек, ерімейтін шөгінділер жалпы тұз мөлшерінің 0,45 пайызын құрауы мүмкін. Біз бұл затты өлшеген жоқпыз, шөгінділердің мөлшері бұл көрсеткіштен асып тұр», — дейді мақала авторы.
Осыдан кейін журналистерден тағы тексеру жүргізіп көрді. Ресейлік өндәрушінің тұзын алып көрді. Бірақ оның стақан ішінде қалған шөгінді аз екені байқалды.
Басылымның жазуынша, бұл мәселе тек Руцовскқа ғана тән емес екен. Ресейдің барлық аймағынан осы тұзға қатысты шағымдарын тыңдауға болады. Жұрттар видеоға түсіріп, тұздан кейін әйнек іспетті шөгінділердің қалатынын көрсеткен.
Алайда, қазақстандық өндіруші әлеуметтік желіде тараған тұздан кейін әйнек секілді жылтырлардың қалатыны туралы видеоның шындыққа жанаспайтынын айтады.
«Аралтұз» компаниясның өкілі Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің Facebook парақшасында ресми жауап берді.
«Тұз құрамында табиғи минералдардан тұратын эпидемиттер мен астраханиттерден тұратын, табиғи ерімейтін тұнба болады. Ол өңдеуге арналған экологиялық таза шикізат», — деді компания өкілі.
stan.kz