Қазақстанда полигонды қашан жабады? — Қазақстан жаңалықтары

0

Тәжік-ауған шекарасындағы соғыс ардагерлері президенттен шетелдік әскери жаттығу алаңдарын жабуды сұрайды. Олар құрлықаралық баллистикалық зымырандардың сынақтары қазақстандықтардың денсаулығына зиян келтіретінін айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «31» арнасына сілтеме жасап.

полигон

Қоғам белсенділерінің мәліметінше, қазіргі кезде 11 миллион гектарды полигон алып жатыр. Бұл қазақстанның тоғыз аумағына тең. 

Ардагерлердің зерттеуінше, осының әсерінен балалар патологиялық аурумен дүниеге келіп жатыр. 

Қазақстанда бес Ресей әскери-жаттығу полгоны бар. Жалға алынған жер қай уақытқа дейін созылатынын белгісіз. Ал Сыртқы істер министрілігі ардагерлердің ұсынысына ешқандай шара қолданбады. 

Осыған дейін Ақтөбе және Қостанай облыстарында екі зымыран құлап үлгерген. 

«Зымырандардың басқа да аумаққа, яғни мектеп, балабақша мекемелеріне құлауына ешқандай кепіл жоқ», — дейді Республикалық «Ардагерлер Одағы» қоғамдық ұйымының өкілі Мұрат Мұхамеджанов. 
 

stan.kz