Ресейлік телеарна Қазақстандағы қақтығысты ұйымдастырғандардың аты-жөні жазылған құжаттарды жариялады

0

Ресейдің НТВ арнасы Қазақстандағы қаңтардағы наразылық акциясын тудырды деген болжамды тұлғалардың аты-жөні мен төлем сомасы көрсетілген құжаттардың бір бөлігін көрсетті. Олардың арасында билікке наразы қазақ шенеуніктері мен оппозициялық блогерлердің аттары бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Басылымның жазуынша, оппозициялық блогерлерді АҚШ мемлекеттік департаментімен тығыз байланыстағы қаржыгер Уильям Браудердің британдық құрылымдары қаржыландырған. Бұл құжаттарға сәйкес, наразылық үшін негізді Браудер Қазақстандағы қаңтар оқиғасынан бірнеше жыл бұрын дайындаған – оның құрылымдары күн тәртібіне сәйкес блогерлерге мерзімді түрде гранттар беріп отырған.

Мысалы, блогер Ғалым Байтұқ, НТВ арнасының хабарлауынша, мемлекет қолдайтын олигархтар туралы материалдар жасауға нұсқаумен бірге айына 5 мың доллар грант алып отырған.

Басылым сондай-ақ наразылық қоғамдастығына қатысушылардың арасында Еуразиялық демократиялық бастаманың директоры Петр Залмаевтың да барын жазады. Ол Браудердің көмекшісімен үнемі байланыста болған.

Залмаевтың ұйымы Қазақстанда дәл осы демократияны насихаттаумен айналысқан. Залмаев сонымен қатар қашқын депутат Илья Пономарев пен шахматшы Гарри Каспаров кіретін «Еркін Ресей» форумында спикерлердің бірі.

Бұдан бөлек, НТВ Залмаевтың оппозициялық блогерлерге ақша аударуға қатысқанын да хабарлады. Олардың қатарында алматылық Денис Кривошеев бар. НТВ алған құжаттарға сәйкес, ол айына 2000 доллар алуға құқылы болған. Мәліметке сүйенсек, бұл ақша үшін Кривошеев ел премьер-министрінің беделіне нұқсан келтіріп, жер заңнамасы саласында үкіметті үнемі сынап отырған.

Қазақстандағы қақтығыстар

Еліміздегі қайғылы оқиғалар 2022 жылдың қаңтар айында орын алды. Барлығы сұйытылған газ бағасының екі есе қымбаттауына қарсы жаппай наразылықтан кейін басталды. 2 қаңтарда еліміздің батысындағы Жаңаөзен қаласында басталған митингілер кейін Ақтау, Атырау және Қазақстанның басқа да қалаларында жалғасын тапты.

Алайда бейбіт шерулер кейін жаппай тәртіпсіздіктерге ұласып кетті. Қақтығыстан әсіресе Алматы қаласы қатты зиян шекті. Қаңтардың 5-і күні қарулы қарақшылар тобы қала орталығын қиратып, қала әкімшілігінің ғимараттары мен жақын маңдағы президент резиденциясын өртеп жіберді.

Полиция ғимараттарына, ҰҚК және басқа да әскери нысандарға шабуыл жасалды.

Сондай-ақ Талдықорған, Шымкент, Қызылорда, Тараз қалалары да зардап шекті.

Осы оқиғалардан кейін Қазақстан билігі бүкіл елде төтенше жағдай енгізіп, лаңкестікке қарсы операция басталғанын хабарлады.

5 қаңтар күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметті отставкаға жіберіп, Қауіпсіздік кеңесін басқарды. Ол лаңкестермен күресу үшін ҰҚШҰ-дан көмек сұрауға шешім қабылдады.

ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі елдегі жағдайды қалыпқа келтіру үшін Қазақстанға ұжымдық бітімгершілік күштерін жіберу туралы шешімге келді. Барлығы 2300-дей бітімгер әскерилер келді. 13 қаңтарда ҰҚШҰ миссиясының сәтті аяқталғаны туралы хабарланды. Қазіргі таңда бітімгерлердің барлығы Қазақстаннан шығып кетті.

Соңғы мәліметтер бойынша, тәртіпсіздіктерден 227 қазақстандық, оның ішінде 19 әскери қызметкер құрбан болған. Алматының өзінде 149 азамат, оның ішінде 11 тәртіп сақшысы қаза тапты. Қазақстанда барлығы 4353 адам, оның ішінде 3393 қауіпсіздік қызметкері зардап шекті.