Қаңтардың 4-інен 5-іне қараған түні Алматыда не болғаны туралы видео шықты

0
2640

Желіде Алматыда қаңтардың 4-інен 5-іне қараған түнгі оқиға баяндалған видео пайда болды, деп хабарлайды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Видеодан 4 қаңтар күні кешкі сағат 21.00-ден кейін Момышұлы мен Рысқұлов көшелерінің қиылысында 500-ге жуық адам жиналғанын көруге болады. Жиналғандардың Ұлттық ұланның әскери қызметшілерін қоршап алғаны, түн ортасынан кейін полицейлер мен әкімдік ғимаратына шабуыл басталғаны да көрінеді.

Түнгі сағат 2.30-ға қарай шулы гранаталар жарылып, көзден жас ағызатын газ қолданыла бастайды. Cағат 3.00-де Сейфуллин және Тимирязев көшелерінің қиылысында тәртіпсіздіктерге қатысушылар мен полиция қызметкерлерінің қақтығысқаны көрінеді. Қақтығыстар әр түрлі жерде таңғы cағат 5.00-ге дейін жалғасқан. Таңғы сағат 6.00-дe мемлекеттік нөмірі жоқ көлік тізгіндегендер тосқауылдар орнатады. Сағат 7.30-да тәртіп сақшылары тосқауылдардан өту үшін көзден жас ағызатын арнайы техниканы қолдана бастайды. Сағат 9.30-да полиция қызметкерлері тәртіпсіздіктерге қарсы арнайы техника мен құралдарды пайдаланбағандықтан екі бірдей «Стена» арнайы машинасынан айырылып қалады. 5 қаңтар күнгі таңғы сағат 11.00-де «КАМАЗ», «Стена» көліктерінде және «Гелиос» бензовозына тиелген бір топ адам Төле би және Байтұрсынов көшелеріне қарай бет алады.

Жолда ішкі істер қызметкерлерінің шебін бұзып өтеді. Сағат 12.20-да Әуезов аудандық полиция басқармасы мен Алмалы аудандық полиция бөліміне шабуыл басталады. Видеода Алмалы аудандық полиция басқармасының фронт-офисі мен бақылау-өткізу пунктінің өртеніп жатқаны көрінеді. Сағат 17.20-да түсірілген өрт сөндіру машиналарында тәртіпсіздіктерге қатысушылар ҚР Президентінің резиденциясына шабуыл жасай бастаған. Кешкі сағат 20.00-ге қарай қаладағы полиция департаментінің негізгі қақпаларын, сондай-ақ әуежайдың жолаушылар терминалын басып алу әрекеттері жасалғанын көруге болады.

Бұған дейін Бас прокуратура оқиғаның ресми хронологиясын мәлім еткен болатын. Ал «Хабар» телеарнасы сол ресми хронлогия негізінде деректі фильм құрастырды.

Видеоға сілтеме https://vk.com/video-166484109_456239476