ресейлік спортшы қазақстандықты нокаутқа түсірді – видео

0

Спорт

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Ресейлік Венер Галиев үшін бұл карьерасындағы 31-ші жеңіс, ал Ермек Тлауов алтыншы рет жеңіліс тапты

НҰР-СҰЛТАН, 1 желтоқсан – Sputnik. Алматыда аралас жекпе-жектен Absolute Championship Akhmat 102 турнирі өтті, деп хабарлайды Sports.kz.

Турнир барысында қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Ермек Тлауов (15-5) пен 44 жастағы ресейлік Венер Галиев 30-11) кездесті.

Галиевтің жеңіске жетуіне жасы кедергі болмады. Ол екінші раундта қазақстандық спортшыны нокаутпен жеңді.

Венер Галиев үшін бұл карьерасындағы 31-ші жеңіс, ал Ермек Тлауов алтыншы рет жеңіліп отыр.

Тағы оқыңыз: Емельяненко бокс ережесімен Ресейдің ең мықты адамын нокаутқа түсірді – видео

Бұл турнирде ресейлік Беслан Ушуков (17-3) пен Альберт Туменов (21-4) жекпе-жек өткізген болатын. Туменов Ушуковты нокаутқа түсірді.



sputniknews.kz