Ресейлік шоуда алматылық жігіттің сұрағы интеллектуалдардың басын қатырып қойды
Қысқа сілтеме алу
Алматы тұрғыны қойған сұраққа бағдарлама қатысушылары жауап таппай қиналды
АЛМАТЫ, 27 наурыз — Sputnik. «Не? Қайда? Қашан?» («Что? Где? Когда?») атты ресейлік танымал телебағдарламада Алматы тұрғыны қойған сұраққа қатысушылар жауап бере алмай, отандасымыз қомақты ұтыс жеңіп алды.
Бір қызығы, алматылық Нұрлан Асылбековтың қойған сұрағы тым қарапайым еді: «Верблюд» қазақша «түйе», «птица» — «құс». Ал қазақ тілінде «түйеқұс» деген не?»
Алайда Иван Жаркевичтің бастаған интеллектуалдар тобы қанша ойланса да, бұл сұрақтың дұрыс жауабын таба алмады.
Ойыншылардың бірі Денис Галиакберов бұл құс бірқазан (пеликан) шығар деп қате тұжырым жасады. Ақыры соңында оқымыстылар қауымының басын қатырған алматылық жігіт 60 мың рубль, яғни 350 мың теңгені қанжығасына байлады.
Айта кетсек, бұл бағдарламаға Димаш Құдайберген екінші рет қонақ болып, танымал ресейлік композитор Игорь Крутоймен бірге «Мадемуазель Хайд» әнін орындады.
sputniknews.kz