Қазақша реферат: Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театры

0






1926-шы жылы дүниеге келген қазақ өнерінің кәсіби қара шаңырағы — М.Әуезов атындағы академиялық драма театры — ұлттық мәдениетіміздің мақтанышы. Республикамыздағы кез келген өнер отауы (қай жанрда болмасын) осынау киелі шаңырақтан еншісін алып, жеке ұжым ретінде ел-жұртқа танылған. Опера, балет өнері, филармония, Қазақконцерт, қай-қайсысын да атамаңыз, осы тұңғыш драма театрының құрамынан бөлініп шыққан мәдениет ошақтары. Егер бүгінгі күндері драматургия атты үлкен ұғым, ұлттық әдебиетіміздің бірден-бір тірек-таянышына айналып үлгерсе, сөз жоқ, онда осы драма театрының да үлкен үлесі жатыр.

Сол сияқты, қазақ режиссурасы мен актерлік шеберлік құпияларының да жан-жақты өрбіп, дамып-даралануына осы аталмыш театрдың ықылас-ықпалы өте зор. Өзінің сексен бес жылдан астам шығармашылық ғұмырында ондаған-жүздеген өнер жұлдыздарының аты-жөн-дерін ел-жүртқа кеңінен танытып, Орталық Азия драма ұжымдарының алдыңғы легінде (тіпті көшін бастап десе де болғандай) көрініп келген тұңғыш академиялық (1937ж.) театрымыздың рухани болмысын қалай мақтап-мадақтасақ та, айтып-айғақтасақ та ақылға сиымды, санаға қонымды. Атақты өнер отауының әдепкі тізғінін ұстаған әйгілі ұл-қыздарымыз: М.Әуезов, Ж.Шанин, Ж.Аймауытов, С.Сәдуақасов, Қ.Қуанышбаев, С.Қожамқұлов, Ш.Айманов, С.Майқанова, Қ.Бадыров, Р.Қойшыбаева, т.б.тарланбоздары-мыздың қастерлі есімдерін инабатпен еске аламыз. Ғ.Мүсірепов, І.Жансүгіров, С.Мұқанов, ШХұсайынов, Ә.Тэжібаев, Ә.Әбішев, Қ.Мүхамеджанов, Т.Ахтанов, О.Бөкей, С.Жүнісов, Ә.Тарази, Қ.Ысқақ, Д.Исабеков, Б.Мүқаи, С.Балғабаев, Иран-Ғайып сынды үлкенді-кішілі драматургтеріміздің де шығармашылық табыстары осы үлкен театр тарихымен тығыз байланысты.

А.Тоқпанов, Ә.Мэмбетов, Б.Омаров, Р.Сейтмет, Ж.Омаров, Қ.Жетпісбаев, В.Пұсырманов, М.Байсеркенов, Е.Обаев, Ә.Рахымов секілді ұлт режиссерлерінің суреткерлік қадір-қасиеттері де өз кезеңінде аталмыш театр сахнасы төрінде бекем қалыптасты. Әсіресе, театр өнеріндегі 60-90-шы жылдардың рухани-мәдени келбеті арнайы айтып өтуге түрарлық. Ол «Мәмбетов дәуірі» деген ұғымға ұласып, тұтас бір театрлық түсінікке айналған шабытты шақтар еді. Театр ұжымы Франция, Иран елдеріне фестивальдық сапарларға шығып, Мәскеу шаһарында бес-алты реттен гастрольдық қойылымдар көрсетіп, Бішкек, Нүкіс, Ташкент, Уфа, Қазан сияқты ірі қалалар тұрғындарын нағыз көркемөнер лэззатымен тұшындырды. Бұрынғы Одақтағы немесе туған республикамыздағы түрлі құрметті атақтар мен лауреаттық беделді марапаттарды иемденген түстар да осы жылдардың еншісіне жатары бек ақиқат.





.

Республикамызда М.Әуезов атындағы академиялық театр гастрольде болмаған ауыл, аудан жоқтың қасы. Дәп осы жылдарда, Н.Жантөрин, Ы.Ноғайбаев, Ә.Молдабеков, Е.Жайсаңбаев, Қ.Қармысов, С.Телғараев, С.Майқанова, Х.Бөкеева, Б.Рымова, Ф.Шәріпова, Ж.Медетбаев, Ш.Жандарбекова өнерлері сан қырларынан жарқырай көрінді. Ондаған талантты сахна суретшілеріміз бен белгілі композиторларымыздың да есімдері көпшілікке әйгілене түскені жұртшылыққа аян. Бүл күндері А.Әшімұлы, Х.Елебекова, З.Шәріпова, С.Оразбаев, Н.Мышбаева, Т.Тасыбекова, Б.Имашева, С.Қожақова сынды аға-апа буын өкілдерімен бірге, Қ.Тастанбеков, Р. Машурова, О.Кенебаев, Т. Жамаңқұлов, ТАралбаев, С.Мерекенов, А.Бектеміров, Б.Қожа, Ғ.Әбдінәбиева, Ш.Ахметова, Ш.Меңдиярова, Б.Жанғалиева, Ғ.Байқошқарова, Б.Қаптағаев секілді орта толқын әртістері тынымсыз еңбектеніп келеді.








Д.Темірсүлтанова, Қ.Тілеуова, Е.Біләл, А.Боранбаев, Д.Ақмолда, Ш.Асқарова, Д.Жүсіп, Ш.Жанысбекова, Н.Қара-балина, Б.Тұрые сынды жаңа буын өнерпаздар тез арада театр репертуарының негізгі жүгін еш қиындықсыз алға сүйреп кетті деп батыл айтуға болады. Қос орденді (1936, 1976ж.ж.) академиялық театр атанудың жауапкершілігі тым ауыр екендігін эркім-ақ жан жүрегімен айқын сезінер. Оның күрделі де қызғылықты тарихы жайлы көптеген күнды кітаптар, түрлі-тұсті фотоальбомдар жазылғаны, қисапсыз мақала-зерттеулер жарияланғаны белгілі. Бүл орайда, танымал театр тарихшылары мен зерттеуші — сыншылар А.Тоқпанов, Қ.Қуандықов, Б.Құндақбаев, Р.Нұрғалиев, К.Нүрпейісов, Ә.Сығай, Е.Жуасбек, С.Қабдиева еңбектерін атап өтпеу әділетсіздік болар еді. Театрдың соңғы жылдардағы шығармашылық тағдырына жауаптылық танытып, оның көркемдік жетекшілік міндетін мойнына алған Қазақстанның халық артисі, профессор, танымал режиссер Есмүхан Обаев үжымның көркемдік даму бағытын жіті байқап, оның шығар биігін үздіксіз қадағалауда қыруар мехнат танытып, көл-көсір тер төкті. Репертуар жаңғырып-жаңарып, шығармашылық тұрғыда артистер қүрамына талап күшейіп, басқа театрлардан, көрші республикалардан талантты режиссерлер қойылымға шақырылып дегендей, бірқыдыру тың шаралар атқарылу үстінде. Бүрынғы көркемдік жетекші, режиссер Е.Обаевтың түсында жарық көрген «Мөлдір махаббат», «Өмірзая», «Ымырттағы махаббат», «Апат», «Ревизор», «Абай», «Махаббат дастаны», «Күйеуіңізді сатыңызшы», «Айман-Шолпан», «Жүрейік жүрек ауыртпай», «Ай түтылған түн», «Көктөбедегі кездесу» секілді қилы жанрдағы көркем қойылымдар қалың көрермен қауымның ыстық ілтипатына бөленді. Әсіресе, араға онжылдықтарды салып, туған театрына қайта оралған сахна мен экран саңлағы Асанэлі Әшімүлы өнеріне деген көрермендік сүраныс өте-мөте үлкен.

Кейінгі кездері, қаржы-қаражат тапшылығына үшырап, нарық қыспағының ащы ахуалын бастан кешірген бейнетқор үжымның гастрольдық сапарларға шығуды да сирексіткені мәлім. Осыдан төрт-бес жыл бүрын Қазақстанның Ресейде өтер өнер күндерін өз репертуарымен толықтырғысы келген эуезовтіктер театр қоржынындағы таңдаулы (бұлардан да өзге тамаша қойылымдар жеткілікті эрине, оның бәрін алып жүрудің қиындығы айтпаса да түсінікті) деген үш спектаклін Омбы жерінде зор табыспен көрсетті. Сол мүмкіндікті барынша пайдаланып, жол-жөнекей Арқа өңіріндегі өз жерлестерінің де көңілдерінен шығуды мүрат тұтқандары рас. Ғ.Мүсіреповтің «Махаббат дастаны» (Қозы Көрпеш -Баян сұлу), М.Мақатаевтың «Қош, махаббат», М.Әуезовтің «Айман-Шолпан» пьесалары бойынша түзілген көркем қойылымдар көрермендерге ұнап, театр ұжымының бабында екенін байқатты. ¥лы Мүхаңның (Әуезовтің) соңғы аталған «Айман-Шолпан» комедиясының сахналық нүсқасына куэ болған көрермендер атақты үжым шеберлігіне дэн риза болды. Әнге, сазға, биге мол, көңілді де күлкілі көріністер мен көтеріңкі сезімге күрылған ойнақы комедияның өзіне тэн табиғатын суреткерлік бояу-нақышпен көркем бейнелеген режиссер Е.Обаев еңбегі, талантты актерлердің орындаушылық шеберліктерімен әдемі үштасып, бейне бір әзіл-қалжыңның тығынын ағытқандай болды.






.

Әлбетте, Әуезов атындағы академиялық қара шаңырақ республикадағы бүкіл драма ұжымдарына қай жағынан болса да үлгі-өнеге. Әрине, шығармашылық беделімен… Ол мемлекетіміздің бүкіл мәдени-рухани өміріне ырғақты серпін берер шығармашылық орталық. Еліміз көрермендері оны орынды мақтан түтып, оның орындаушылық өнерін әркез жоғары бағалайды. Аталған театр соңғы жылдары сол мақсаттың мүддесінен шығу жолында Семей, Павлодар, Қызылорда, Жамбыл, Талдықорған аймақтарында гаст-рольдік сапарлармен болып, көрермен қауымның алғыстарына бөленді. Сонымен бірге, өнерсүйер қауымның қайсыбір тілек-талаптары да жоқ емес. Олар репертуар сапасының жоғарылай түсіп, режиссерлік бай қиялдардың кемелдене, даралана, актерлікшеберлікүлгілерінің айшықталатүсулерін қалайтын сияқты. Театр мамандары біздер де, жиі-жиі ел аралаймыз. Жүртшылық пікірлеріне қүлақ қоямыз. Сондағы есітеріміз — қара шаңырақ — М.Әуезов атындағы академиялық Бас драма театрының шығармашылық түрғыдағы ертеңгі тағдырына шынайы тілектестік лебіздері… Қазіргі толқын алмасу кезеңі — өте-мөте нәзік процесс. Әріден келе жатқан театр дәстүрі шатқаяқтаМауы тиіс. Үлкендерден еншілер тәлім-тәрбиені қабылдау жағына жастарымыз аса сақ болмаса, үрдіс алмасу сәтінің көзге көрінбес жіңішке де жібек жіптерін абайсызда үзіп алуымыз эбден мүмкін. Оның қайсыбір «әттеген-айларынан» құр емес те сияқтымыз. Тым еркінсу, дандайсу, сахнаның киелі қадір-қасиетіне табынудан гөрі шектен тыс көп тойлардың қалталы иелеріне иіле тағзым ету мінездері жиірек етек алып бара жатқан сыңайлы.

Иә, сахна — киелі. Оның төрінде күні кеше ғана төл сахнамыздың дүлдүлдері Қ.Қуанышбаев, С.Қожамқүлов, Ш.Айманов, С.Майқанова, Б.Рымова, Н.Жантөрин, Ы. Ноғайбаев, Ә.Молдабековтер өздерінің саф өнерлерін барынша паш еткен. Аспаннан от тасыған Прометейдей қазақ көрермендерін өздерінің от-жалындарымен, дарын қызуларымен жылындырған. Сол жылыған, жібіген жүректерді мезгілсіз суытып алмасақ, дэстүр жалғастығы дегеніміз сол. Аталмыш театр қойылымдарының көпшілік сахналарына шығуды армандаған жастар да болған бір кездері. Бүл күнде сол армандар, сол аңсаулар, сол мүраттар, неге екені белгісіз, бэсең тартқан секілді. Ынтызарлық сезілмейді…Сахналық еркін жүріс-түрыс дегеніміз жауапкершілік міндеттерін екінші кезекке ысырып тастау емес. Керісінше, сахналық патриотизмді шыңдай, шегелей түсу — театр үжымының тікелей мақсаты. Бүл жөнінде, бүдан он жеті жыл бүрын (1996-шы жылы) «Парасат» жорналының екінші санында «Өнер дэстүрімен көрікті» атты мақаламда былай деп жазыппын:





.

«Шынтуайтқа келгенде, алдыңғы толқын ағалар сахнада эрқилы, әр түрлі кесек-кесек жеке дара көрінгендерімен, жай өмірлері өзара ынтымақты, инабатты, биязы қалыпта өткен. Есіл-дерттері тек сахна деп, жүректері жалғыз театр деп дүрсіл қағатын. Жаратқан, оларға апта сайын, ай сайын шетелге шығып, сейіл-серуен қүруды жазбапты. Замандары солай болды ма, қайдам?! Әйтсе де, көргендері жақсы болса керек. Дәстүр тәлімдеріне берік, мамандықтарына шын құмар да қүштар еді. Қит етсе, рольдерден бас тартып, өз шаруаларын күйттеп кету оларға атымен жат еді. Тағдырлары қиын да қилы болды. Әзірбайжан Мәмбетовке дейін, көбінше, орыс, еврей режиссерлерінен оқып-үйренгендерін бойларына күт санады. Соның нэтижесінде ғана, ағалы-апалы, інілі-қарындасты (рухани жағын айтып отырмыз) әріптестіктен туған ғажап қойылымдар (бейнелер) жарыққа келді».
Әлі де сол ойдамын. Айнығам жоқ. Дәстүрге берік болуды қалаймын. Жаңалыққа құмарта жүріп, бұрынғы үрдістерді талан-таражға салуды әдетке айналдырмағанымыз жөн. Жол білер, жөн көрсетер, ағалар саны да бұл күнде ықшам тартқан. Ірі басты, егде жасты актерлерден тек С.Оразбаев, А.Әшімүлы, Е.Обаев сынды ағаларымызды ғана атап өтуге тура келеді. Актриса әпкелеріміз, Аллаға шүкір (Жаратқан көп көрмесін), Хабиба, Зэмзэгүл, Торғын, Нүкетайларымен төл өнеріміздің сэні десе де болғандай. Міне, жастарға бағыт-бағдар берер кісілер осылар. Аға, апа түтқысы келген жас жеткіншектерге жол сілтейтін ересектеріміз элі де болса баршылық екен. Әйгілі қара шаңырақ театрымыз өзінің сексен сегіз жылдық маусымын өткізу үстінде. Осы жылдар ішінде қаншама драматургтер, режиссерлер, актерлер, директорлар тэрбиеленді. Жүздеген драматургтер шығармаларының түсауы кесіліп, елуден астам режиссер, директорлардың еңбек ізденістері тарихқа енді. Әлсін-элсін ауысып жатқан актерлік буын өкілдерін арнайы есептеу керек сияқты. Оған қоса, сахналық еңбектер нәтижесінен қыруар эстетикалық нэр алған қалың көрермендер нөпірін еске алыңыз. Сонда атақты қара шаңырақ ұжымы жүріп өткен ұзақ жолдардың аса қастерлі де қасиетті екендігін ұққандай боласыз. Қысқасы, нендей жақсылықтарды болмасын, осы аталған театр ұжымынан күтеріміз заңды. Халықаралық театр фестивальдеріне жолдама алуды да, лауреат атанар үздік қойылымдарды да осы театрдың шығармашылық пэрменінен іздеріміз ешкімге де жасырын емес. Ендеше, даңқың аспандап, рухани-мәдени мәртебең асқақтай берсін, эйгілі де атақты, қасиетті де қастерлі академиялық үжым! Бұл күнде респубикамыздағы ең егде де еңселі театрды басқару міндеті театр сыншысы, Өнертану ғылымының кандидаты Еркін Жуасбектің еншісінде.









Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!