Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин өзінің арманы туралы айтты

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Ресейдің Қазақстандағы елшісі төтенше жағдай кезінде көп оқып, спортпен шұғылданып, соғыс туралы фильмдер көріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір – Sputnik. Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин Sputnik Қазақстанға бос уақытын карантинде қалай өткізетінін айтып берді.

«Бос уақытым көбейді деп айта алмаймын, сондықтан не істейтінім туралы ойланбаймын. Сақал-мұрт өсіруді жөн көрдім. Одан басқа, ескі әуестігім өзгере қоймады: спортпен айналысып, кітап оқимын, фильм көремін, музыка тыңдаймын. Үйде жаттығу жасап жүрмін», – деді дипломатиялық миссияның басшысы.

Алексей Бородавкин қазіргі заманғы орыс жазушыларының шығармаларын көп оқиды екен.

«Сондай-ақ Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған көркем фильмдер мен деректі фильмдерді жіберіп алмауға тырысамын», – деп атап өтті ол.

Елші Ұлы Отан соғысы туралы бірлескен Қазақстан-Ресей сериалын көруді армандап жүргенін жасырмады.

«Мен Ресей және Қазақстан кинематографистерінің Владимир Богомоловтың  «Момент истины (В августе сорок четвертого…)» романы негізінде 10-12 бөлімнен тұратын көп бөлімді фильм түсіргенін көргім келеді. Бұл шығарма желісімен екі бөлімнен тұратын жақсы фильм шыққанын білемін, алайда экрандау мәтінге жақын, мүмкіндігінше егжей-тегжейлі баяндалғанын қалаймын», – деді Бородавкин.   

Ол кітаптың керемет екенін және сериалға арқау етуге лайық екенін атап өтті.

Оқи отырыңыз: Назарбаев Медведевпен не туралы сөйлесті? 

«Осы мүмкіндікті пайдаланып, Sputnik Қазақстанның барлық оқырманын Ұлы Жеңіс күнімен құттықтап, зор денсаулық және бақ-береке тілеймін», – деп түйіндеді Алексей Бородавкин.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз