Ресейдегі президенттік сайлау: Қазақстаннан қолдау мен серіктестік күтілуде…

0

Ағымдағы жылдың наурыз айында Ресейде соңғы жылдардағы ең ірі оқиғалардың бірі орын алмақ. Бұл Ресейдің ішкі саяси күн тәртібі тұрғысынан да, халықаралық тұрғыдан да өте маңызды. Азаматтар елдің болашағына ғана емес, әлемдегі тәртіптің сақталуына да ерекше назар аударуда.

Ресейдегі кезекті сайлау бұрын-соңды болмаған саяси және экономикалық қысымға толы болмақ. Социологиялық сауалнамаларға сәйкес, қазіргі таңда көш бастап тұрған 75% дауыспен Владимир Путин болса, қалған үміткерлер Владислав Даванков, Леонид Слуцкий, Николай Харитонов екінші орынға таласатын болады. Өкінішке орай, көптеген деректер Батыс елдерінің сайлау науқанында Ресейдің әлеуметтік-саяси жағдайға кері әсер етіп, сайлау процесінің беделін түсіруге және оның заңдылығына күмән келтіруге белсенді әрекет жасап жатқанын көрсетеді.

Мәселен, соңғы уақытта жастарды сайлау науқанына қатыстыру белең алып бара жатыр.
Ресейлік кейбір сарапшылардың пікірінше, Батыс елдері демократияны қолдауға арналған Ұлттық Қор желісі бойынша Ресей жастары мен Ресей Федерациясының саяси белсенді азаматтарына, оның ішінде шетелде оқитындарға 1 миллиард доллардан астам қаражат бөлінген. “Атаулы қаражат қоғамды «демократияландыруға» арналған саяси акцияларды, тренингтерді, түрлі семинарларды өткізуді қамтамасыз етеді. Өкінішке орай, мұндай жобалардың соңы дұрыс аяқталмайтыны тарихтан белгілі. Мәселен, Украина мен Югославиядағы жағдай. Яғни мұндай әрекеттер халықтың әл-ауқатының нашарлауына және дұрыс емес саяси бағыттарға әкеледі” дейді әлгі сарапшылар.

Сондай-ақ ақпан айында дипломатиялық сылтаумен Американың арнайы қызметтері еуропалық білім беру бағдарламаларының түлектерімен Ресей билігінің беделін түсіру және сайлау процесі, Интернет ресурстарын пайдалану мәселелері бойынша семинар өткізген көрінеді. Осылайша Ресейге санкциялық қысымды күшейту арқылы Украинамен қарулы қақтығыстың аяқталуына және президенттік сайлаудың қорытындыларына әсер етуге тырысқаны айтылуда.

“Мұндай саясат қажетті нәтиже бермейтіні белгілі. Себебі Ресей қоғамы қашан да біртұтас болып қалады, ал халық пен билік сындарлы диалогта әртүрлі деңгейдегі қатынастарды дамытуға, көптеген әлеуметтік жобалар жүзеге асыруға атсалысып жатыр” деп атап өтеді сарапшылар. Ресейде қоғамның әртүрлі топтарының бастамалары белсенді түрде қолдау табады. Сонымен қатар Ресей Федерациясының әртүрлі аймақтарындағы жобаларға мемлекеттік қолдау кеңеюде.

Алайда Батыс көрші елдің саяси және экономикалық жағдайларына кері әсерін тигізу үшін посткеңестік мемлекеттерді де араластыруға ниетті екенін аңғаруға болады. Яғни бұл жерде Ресейдің географиялық көршісі және оның тарихи оқиғаларымен байланысты Қазақстанның да маңызы зор. Сондықтан Республика украин қақтығысы бойынша ангаждалған ұстанымды қорғауға мәжбүр. Бұл Ресеймен интеграциялық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруда Мәскеумен кооперацияны қиындатуда. Себебі Қазақстан — ЕАЭО-ның негізгі қатысушысы және біздің ұлттық экономикамыз басқа қатысушы елдермен, әсіресе Ресейдің экономикасымен тығыз байланысты.

Айта кету керек, тек 2023 жылы ғана Ресей мен Қазақстан Республикасының тауар айналымы рекордтық 26 миллиард долларға жетті: көптеген қазақ компаниялары Ресей нарығында табысты кәсіпкерлік қызмет жүргізуде. Ал ірі ресейлік компаниялар мен мемлекеттік корпорациялар Қазақстан экономикасына қомақты соманы инвестициялауға дайын.

Бүгінгі таңда Ресей мен Қазақстан — екі тәуелсіз мемлекет, олардың әрқайсысы өз векторы мен идеология шеңберінде өзінше дамиды. Алайда, бізді көпжылдық ортақ тарих, тығыз мәдени туыстық және достық қарым-қатынастар байланыстыратынын түсіну маңызды. Ал күрделі тарихи сын-қатерлер кезеңінде біздің міндетіміз — қарсы тұру емес, бір-бірімізге барынша қолдау көрсету.

Біз Ресейдің 2022 жылғы қаңтарда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты мемлекеттік төңкеріс әрекетінің алдын алып, жағдайды қалыпқа келтіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасағанын білеміз.

Бүгінгі таңда Ресейге қолдау қажет, себебі олар тарихи перспективадағы маңызды мәселелерді шешуге тырысып жатыр. Біздің міндетіміз — қазіргі жағдайда дос пен саяси серіктесті көрсету. Бастысы Астана мен Мәскеу арасына дау туғызуға тырысып жатқан АҚШ саясатын қолдауда сақ болған жөн. “Өгізді де өлтірмейтін, арбаны да сындырмайтын сұңғыла саясат керек-ақ.