Ресейде жүз жолаушысы бар ұшақ апатты жағдайда қонды

0

Ресей құрамындағы Коми республикасының Усинск қаласындағы әуежай алаңына бортында жүз жолаушысы бар Utair әуе компаниясының ұшағы апатты жағдайда қонды.

Мәскеуден Усинскіге ұшып келген Boeing 737 ұшағы қонар сәтте ұшу алаңына артқы бөлігімен соғылып, алаңнан шетке шығып кеткен. Төтенше оқиғадан ұшақтың артқы дөңгелегі сынып, фюзеляжы мен қанаттары зақымданған. Жерге қонар алдында жанармайды түгел жағып үлгергендіктен, артқы бөлігі жерге қатты соғылған ұшақта өрт болмаған. Борттағы барлық жолаушы үрмелі трап арқылы эвакуацияланған. Кей ақпарат құралдары екі адам зардап шеккен деп хабарлады.

Төтенше оқиғаға ұшақ қонар алдында дөңгелегін жазған кезде туындаған проблема, техникалық ақау немесе экипаждың қателігі себеп болуы мүмкін деген үш түрлі болжам айтылады.

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз