Ресейде қазақ әйелін зорлағаны үшін үш полиция қызметкері сотталды

0

Екатеринбургтің Ленин аудандық соты қазақстандық әйелді қызметтік көлікте зорлаған үш бұрынғы полиция қызметкерін бес жылдан алты жылға дейін бас бостандығынан айырды, деп жазады kznews.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Вадим Мұстафин – алты жыл, Вячеслав Тропин – бес жарым жыл, Андрей Бессарабов бес жылға сотталды. Олар сот залында қамауға алынды.

2019 жылдың тамыз айында полиция қызметкерлері Вячеслав Тропин, Андрей Бессарабов және Вадим Мұстафин түнде Екатеринбургте саунадан шыққан 22 жастағы қазақстандық әйелді ұстап алған. Хабарланғандай, олар қызметтік УАЗ көлігінде қызды зорлап, кейін бөлімшеге апарып, қорқытқан.

Тәртіп сақшылары қамауға алынып, 2020 жылдың шілдесінде олар қыз зорлағаны үшін кінәлі деп танылды. Айыпталушылар қызметінен босатылды, олардың басшылары қызметінен босатылды. Бірақ 2021 жылдың қарашасында Екатеринбургтің Ленин аудандық соты полицияның әрекетінен қылмыс құрамын таппай, ақтау үкімін шығарды.

Алайда 2022 жылдың ақпанында Свердлов облыстық соты бұрынғы үш полиция қызметкеріне қатысты ақтау үкімін бұзды. Іс бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жіберілді.

СІМ оқиғаға қатысты түсінік берді, бірақ олар Ресей тарапы растамастан ешқандай ақпарат бере алмайтындарын хабарлады.