Ресейде «йелді 4 жасар баласының көзінше өлтіріп кетті
Жантүршігерлік қылмыс видеоға түсіп қалған
НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде — Sputnik. Ресей астанасының маңындағы Раменскте әйелді 4 жасар баласының көзінше өлтіріп кетті, деп хабарлайды РИА Новости.
Жантүршігерлік қылмысқа куәгер болған бала ауруханаға жеткізілді. Алдын ала мәліметке сәйкес, әйел өзін өлтірген 25 жастағы жігітпен бұрын бірге тұрған.
Куәгерлер әйелдің балалар алаңында болғанын айтады. Сол жерге жеңіл көлік келіп тоқтап, ішінен ер адам жүгіріп шыққан. Ол бірден әйелді пышақтай бастапты. Кейін ізін суытқан.
Тағы оқыңыз: Талдықорған тұрғыны әйелін өлтіріп, досын көмекке шақырған
27 жастағы әйелдің денесінен 20-ға жуық ашық жарақат табылды. Қылмыс видеоға түсіп қалған.
Оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеп жатыр. Күдіктінің көлігі табылған. Ол полициядан жасырыну үшін орманға тығылған.
sputniknews.kz