Ресейде «Ислам мемлекетін» «қолдады» деген екі күдіктіні атып өлтірген

0

Ресейдің Тюмень қаласында құқық қорғау орган өкілдері «Ислам мемлекеті» террористік ұйымын «қолдады» деген екі азаматты атып өлтірген. Интерфакс агенттігі 12 сәуір кешке қалада антитеррористік операцияға байланысты арнайы режим енгізілгенін хабарлады. Қаза тапқан адамдар саны туралы әзірге ресми дерек жоқ.

Ресейлік ақпарат құралдарының хабарлауынша, полицейлер атып өлтірген екі күдікті оларға оқ атып, қарсыласқан. Операция жүрген үйлердің бірі өртенген. Қаладағы бірнеше көшеде жарық сөніп, тұрғындары басқа жаққа көшірілген. Олар жергілікті мектептердің біріне орналастырылып, түнде сол жақта қонған. Әлеуметтік желіде тараған видеолардан қалада түнде оқ атылғанын естуге болады, көшеде броньды техника жүргені жайлы суреттер де пайда болған.

Ресейлік БАҚ жазуынша, 12 сәуірде Федералды барлау қызметіне (ФСБ) «жеке үйлердің бірінде қоғамдық орындарға террористік шабуыл жасауды көздеп отырған қарулы топтың бар екені» жайлы ақпарат түскен.

Azattyq