Ресейде автобус КамАЗ-бен соқтығысты: екі қазақстандық зардап шеккен
Қысқа сілтеме алу
Жол апатынан зардап шеккен Қазақстанның екі азаматы да – өзбекстандықтарды тасымалдаған автобустың жүргізушісі
НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқсан – Sputnik. Волгоград түбінде қалааралық автобус КамАЗ көлігімен соқтығысты. Жол апатынан төрт адам зардап шеккен, олардың екеуі – Қазақстан азаматы.
Полицияның мәліметінше, жол апаты 21 желтоқсан, сенбі күні болған, деп хабарлайды РИА Новости.
Екі қазақстандық жүргізуші автобуспен Өзбекстанның 49 азаматын тасымалдаған. Олар жолаушыларды Саратов облысына, шекарадағы өткізу бекетіне дейін жеткізуі тиіс еді. Алайда Волгоград облысының Чернышковский ауданындағы тас жолда автобус КамАЗ-бен соқтығысты.
Тағы оқыңыз: Әуеде ұшып бара жатқан ұшақтан өрт шықты – видео
Жол апатынан төрт адам зардап шеккен: екі қазақстандық жүргізуші және екі өзбекстандық жолаушы. Зардап шеккендердің біреуі ауруханаға жатудан бас тартты. Қалған үш адамның жағдайы орташа.
Облыс әкімшілігі бұл жағдайды өңір губернаторы Андрей Бочаров жеке бақылауына алғанын хабарлады.
Апаттың себептерін анықтау үшін аталған фактіге қатысты тергеу басталды.
sputniknews.kz