Ресей Украинаның тағы ондаған азаматына санкция салды

0

Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев Украинаның санкция салынған жеке және заңды тұлғаларының саны ұлғайғанын хабарлады. Медведев Twitter-де «Ресей мемлекетінің, азаматтары мен компанияларының мүдделерін қорғау туралы» қаулыға қол қойғанын жазды.

Ресей үкіметі кеңейтілген тізімге екі жүзден астам азамат пен компания енгізілгенін мәлімдеді.

Ресей Украинаға санкцияны қараша айында салған. Ол кездегі тізімге Украинаның 322 жеке және 68 заңды тұлғасы енгізілген. Олардың Ресей аумағындағы қаржысы, сертификаты жоқ бағалы қағаздары мен мүліктері бұғатталып, капиталын Ресей аумағынан шығаруына тыйым салынады.

Санкция салынғандар арасында Украина ішкі істер министрі Арсен Аваков, «Батькивщина» партиясының жетекшісі әрі Украина президенттігінен үміткер Юлия Тимошенко, ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Александр Турчинов бар.

Дереккөз: Азаттық