Ресей Sputnik төңірегіндегі жағдай бойынша Эстония билігіне үндеу жасады

0
5

Захарова Sputnik бөлімшесінің жұмысы қойылған мақсаттарға сәйкес келмейтіні жайлы фактілер болса, онда оны ресми Таллин көпшілікке ұсынуы тиіс екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 25 желтоқсан – Sputnik. Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Sputnik Эстония агенттігіне қатысты жағдайға түсініктеме берді.

«Біз агенттік бюросын «ақпараттық операциялар бөлімі» деп атауға жол берілмейді және мүлде қисынсыз деп санаймыз. Эстония тарапы тағы да елде белгіленген ережелер бойынша аккредиттелген және өз қызметін жалпы қабылданған журналистік стандарттарға сәйкес жүргізетін ақпарат агенттігінен бас тартып отыр», – деді Захарова.

БАҚ-тың Sputnik Эстонияға қатысты сұрағына ресми жауап Ресей сыртқы істер министрлігінің порталында жарияланды.

Мария Захарова егер Sputnik бөлімшесінің жұмысы қойылған мақсаттарға сәйкес келмейтіні жайлы фактілер болса, онда оны ресми Таллин көпшілікке ұсынуы тиіс екенін атап өтті.

«Егер ондай фактілер болмаса, онда жала жапқаны үшін кешірім сұрауы керек», – деді ол.

Ресей СІМ ресми өкілінің айтуынша, Эстонияның әрекеті – бұқаралық ақпарат құралдарының мәртебесін түсіріп, оны тікелей саяси қысым көрсету объектісіне айналдыру мақсатында журналистік қызметтің қолданыстағы халықаралық-құқықтық кепілдіктеріне нұқсан келтіре отырып, бұқаралық ақпарат құралдарына қарсы жүйелі арандатушылық жұмыс.

Sputnik Эстонияға неге қысым жасалуда

Осы жылдың күзінде Sputnik Эстония қызметкерлері үкімет пен қаржы мекемелері тарапынан қысымға ұшырады. Халықаралық банктердің Эстониядағы филиалдары жалақы, салық және басқа да төлемдерді бұғаттап тастаған. Соның салдарынан жалға беруші редакциямен кеңсені жалға алу туралы келісімшартты бұзуға мәжбүр болды.

Тағы оқыңыз: Қазақстан журналистер одағы Sputnik Эстонияға қатысты мәселеге пікір білдірді

Желтоқсан айының ортасында полиция және шекара күзеті департаменті Sputnik Эстонияға хат жолдады. Оған сәйкес, Sputnik Эстония қызметкерлері 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін бас ұйыммен еңбек қатынасын тоқтатып, жұмыстан кетпесе, қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Ведомстводан нақтылағандай, бұл 2014 жылы «Россия сегодня» ХАА бас директоры Дмитрий Киселевке қарсы енгізілген санкцияларды орындаумен байланысты. Алайда «Россия сегодня» бірде бір санцкиялық тізімге ілінбегенін, Еуроодақтың бірде бір елінде агенттіктің қызметкерлеріне қатысты мұндай шаралар қабылданбағанын атап өту қажет.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз