Ресей Қазақстанға ашулы: қазақстандық қай компания Украинаға жасырын отын жеткізіп жүр?
8 шілдеде Ресейдің ФСБ Қазмұнайгаз компаниясының румындық еншілес компаниясы – KMG International N. V. — дің(КМГИ) бірнеше менеджерлеріне қатысты»террористік акт» және «қылмыстық қоғамдастық ұйымы» баптары бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Orda.kz. сайтының мұнай-газ саласының сарапшысы Артур Шахназарян зерттеді.
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы қызметкерлерінің арқасында біздің еліміз халықаралық жанжалға тап болды. Сол себепті Ресей мемлекеті Қазақстан үкіметінің достығына күмән келтіре бастады. Құжаттарға сәйкес, ФСБ қызметкерлері қазақстандық мұнайдың украиндықтарға сатылғанын анықтады. Бұл процесті ҚМГ-ның Румыниядағы еншілес компаниясы Rompetrol жүзеге асырған. Құжаттарда іске қатысы бар менеджерлердің есімдері де аталған. Олардың қатарында Жасұлан Сейдахметов, Жанғұлов және А.Шабдарбаев бар. ҚМГ жүйесінде ҚР ҰҚК бұрынғы төрағасы Амангелді Шабдарбаевтың ұлы — Арлан Шабдарбаевтың бұрыннан жұмыс істеп келе жатқаны белгілі. Бірақ тізімдегі көрсетілген азаматтың аты-жөні нақты ол деп айта алмаймыз. Қазақстандық арнайы қызметтерлері ФСБ базаларына қол жеткізе алмайды, сондықтан көп дүниенің басы әлі ашылған жоқ. Тек болжам жасауға болады.
Жанармайы жоқ кез-келген армия, тіпті қанша дамыған ел болса да, иммобилизацияға айналады. Жаппай зымырандық соққылардың нәтижесінде ресейлік әскерлер Украинаның барлық мұнай өңдеу зауыттарын істен шығарды және ең ірі мұнай базаларын жойды. Rompetrol-дың бұл жағдайға қатысы барын көктемде ресейлік БАҚ өкілдері жаппай жаза бастаған. Новороссийск портындағы дауылдар, КҚК айлақтық құрылғыларының істен шығуы және қазақстандық мұнайдың экспорттық ағынының жабылуы осы фактімен тікелей байланысты болуы әбден мүмкін.
Алынған құжаттар қайта тексеруді қажет етеді. KMG International N. V. (КМГИ) — Нидерландыда заңды мекен-жайы бар компания, бірақ румын юрисдикциясында жұмыс істейтінін атап өткен жөн. Румынияда екі МӨЗ және алты мұнай базасы орналасқан. Сол жерден Украинаға автоцистерналармен жанармай жіберуді ұйымдастыруға болады. Мұның кім және қалай қадағалау керек?
Қазақстандық мұнайшылар Ресейдің санкциядағы мұнайдың экспортына ықпал етеді деген айыптаулар да бар. Негізінен грек туы астындағы танкерлердің 51 пайызы қазақстандық мұнайға, ал 49 пайызы Ресейге тиесілі. Кейбір еуропалықтар біздің бұл мұнайға ешқандай қатысымыз жоқ екеніне сенімді. Мұндай айыптаулар негізсіз көрінеді. Егер “ҚазМұнайГаз” рейдерлерінің тікелей қатысы болмаса, басқа ешкім бұл қадамға жасырын бара алмайды. Сондықтан Ресейдің талаптары мен айыптаулары да негізсіз. Өндіруші сатылған тауарлардың логистикасына бақылау жасай алмайды.
Бұл жағдай Zhibek Zholy кемесіне қатысты оқиғаға ұқсайды. Алдымен украиндықтар оны басып алып, Мариуполь шайқасында қолдануға тырысты. Кейін Ресей сол арқылы Түркияға астық жеткізіп, ал Украина түріктерден оны жоюды сұрады. Zhibek Zholy иесі — «Қазақстан Темір Жолы» бұл келеңсіздікке наразылық білдірді, ал іс жүзінде компания кемені бақылай алмайтыны белгілі болды.
Rompetrol — бұл ҚМГ компаниясының бұрынғы атауы. Ол Rompetrol Bulgaria-дан бері сақталған. Арлан Шабдарбаев бірнеше жыл Директорлар кеңесінің мүшесі болды. Алайда, басқа да дерек көздеріне сүйенсек, Директорлар мүшесінің қатарына оның ағасы Нұрлан Шабдар да бар.
Шабдарбаевтардың отбасылық бизнесі — «Alua Холдинг компаниясы» Оның Алматы мен Астанада активтері бар. Сондай-ақ, ашық ақпарат көздерінде, Болгарияның Бургас қаласынан бір сағаттық жерде жарты миллион долларға үш элиталық пәтер сатып алынған. Егер расымен холдинг иелері Rompetrol Bulgaria директорлар Кеңесінде жұмыс істейтін болса, неге оларға тұрғын үйді сол жерден сатып алмасқа?
Құжаттарда аталған тағы бір есім — Азамат Жанғұлов көп жылдар бойы ҚМГ бас директорының қаржы жөніндегі орынбасары болған. Ресейдің ФСБ құжаттарында Жасұлан Сейдахметов туралы да айтылған, бірақ ҚМГ-ның мұндай қызметкері туралы ешқандай ақпарат жоқ.
Әрине, жанар-жағармайды Румыниядан Болгарияға, ол жерден қайта Румынияға әкеліп, Молдова арқылы Украинаға жіберу таңқаларлық схема. Бірақ бұл жүйе заң бойынша қазақстандық, румындық, болгарлық, голландтық заңнаманы бұзбайды.
Қазір біз өзімізге көлеңке түсірмес үшін барынша дипломатиялық тұрғыдан ұқыпты болуымыз керек.
(Ақпарат: orda.kz, фото: orda.kz)