Президенттердің бейресми кездесуінен суреттер мен видеоны Ақорда мен Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі жариялады.
Тоқаев пен Мирзиеев сәрсенбіде 21 шілдеге жоспарланған Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Шолпон-Атаға келді. Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан басшылары аймақтық интеграцияның келешегін әлемдегі қазіргі геосаяси және экономикалық жағдай аясында қарастырады деп күтіледі. Саммит қорытындысы бойынша бірнеше құжатқа қол қою жоспарланған.