Ресей НАТО әскерінің қоршауында қалды (видео)

0
АҚШ-тың мыңдаған әскері НАТО-ның шығыс шекараларын нығайту миссиясы аясында Румынияға келді. Олар Қара теңіз жағалауындағы Констанца қаласындағы әскери базаға орналасуда, деп хабарлайды kznews.kz сайты Экспресс К порталына сілтеме жасап.

Euronews агенттігінің айтуынша, әскерилердің барлығы Румыния жеріне Германиядан келіп жатыр.

Жуырда Констанцадағы НАТО базасына альянстың бас хатшысы Йенс Столтенбергпен бірге Румыния президенті Клаус Йоханнис те келіп, жағдаймен танысады.

Қазір Румынияда орналасқан америкалық сарбаздардың саны 1 900 жауынгерге жетті. 2004 жылы НАТО-ға мүше болған Румынияның мемлекеттік ортақ шекарасы Украинамен арада 600 шақырымды қамтиды,

— деп жазады агенттік.

Өткен аптада Украинамен шекаралас НАТО құрамындағы тағы бір ел — Польшаға АҚШ-тың 1 700 әскері мен бомбалаушы ұшақтары келіп орналасқанын Экспресс К бұған дейін хабарлаған.