Ресей Керчен бұғазындағы әрекеті үшін міндетті түрде жауап береді

0

Ұлыбританияның қорғаныс министрі Гэвин Уильямсон Қара теңіз Ресейдің меншігінде емес екендігі туралы Одессадағы ресми сапары барысында мәлімдеді.

«Қара теңіз тек Ресей елінікі ғана емес, Халықаралық теңіз болып есептеледі» деген Ұлыбритания қорғаныс министрі HMS Есһо тыңшылық кемелері Одесса портына қарай бағыт алғандығын да айтты. Сонымен бірге мұндай әрекеттері арқылы Қара теңізде әскери техникалар мен жүк тасмалының еркін қатынауына мүмкіндік бар екендігін көрсеткісі келеді.

Бұдан бөлек, Лондон да өзге Батыс елдері іспетті Украинаның қорғанысына қолдау білдіріп, қиын кезеңде қол ұшын беруге әзір екендігін білдіріп отыр. Сондай-ақ Ұлыбритания қорғаныс министрі 25 қараша күні Керчен бұғазында болған жағдай үшін Ресей жағы міндетті түрде жауап беретіндігін де ашық мәлімдеді.

Естреіңізге сала кетейік, Британияның HMS Echo (H87) әскери кемесі 19 желтоқсан күні таңертең Одесса портына жеткен. Онда Украиналық теңіз әскерімен бірігіп, аймақты күзету күшін арттырып отыр.

“The Qazaq Times”