Назарда – Түркістан | «Айқын» газеті

0
71

Астанада Түркістан қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті.

Жиынды ашқан Н.Назарбаев Түр­­кістан қаласында құрылыс жұ­мыс­тарын бастау үшін шұғыл ша­ралар қабылдау қажеттігін айтты.
– Түркістан – бүкіл халқымыз үшін қасиетті қала. Біз бұл шаһарды одан ары дамыту мәселесін жан-жақты талқылап, тиісті тапсырмалар беріп, қажетті қаражат бөлдік. Уақыт келді, алайда еш­қандай жұ­мыс басталған жоқ. Облыс орта­лы­ғын салу жөнінде белгілеген жос­парды орындауға кірісу керек, – деді Елбасы.
Қазақстан Президенті қаланың әкімшілік-іскерлік орталығын, тұрғын үйлер алабын және әлеу­мет­тік нысандарды салу басым бағыт болып саналатынын атап өтті.
Жиында Премьер-министрдің бірінші орынбасары А.Маминнің, Түркістан облысының әкімі
Ж.Түймебаевтың, Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлының және Халық­аралық сәулет байқауы комиссиясының төра­ғасы
А.Зікіриннің Түркістанның бас жоспа­рының тұжырымдамасын іске асыру барысы, соның ішінде қалада жаңа нысандар салу жос­парлары туралы баяндамалары тыңдалды.
Соңында Мемлекет басшысы жаңғырты­латын энергия көздерін пайдаланудың маңыз­дылығына назар аударып, облыс орталығын энергиямен және сумен қамтамасыз ету сала­ларын жақсартуға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Дереккөз: Айқын