«Ресей әскері кірсе қуанып, гүлмен қарсы алар едім»: Божко ұлттық қаупсіздікке бұрын да қатер төндіретін сөздер айтқан (ВИДЕО)

0

Қостанайлық азамат Кирил Александрович Божко «қазақ тілін – маймылдардың тілі, қазақтар – маймылдар» деп атаған болатын. 

Ол бұл сөзі тек осы ретте айтыла салған сөз емес екен. Ол осыдан бұрын да: «Ресей әскері кірсе қуанып, құшақ-құшақ гүл шоқтарымен қарсы алар едім» деген сыңайдағы сөз айтқан видеосы тарап жүр.

Тәуелсіз Қазақ елінде өмір сүріп отырып, басып кіретін басқа елдің әскерін қарсы алмақ екен.

Бірінші видеосында ол ұлтараздықты тудыру бойынша 174-бапқа сай келетін сөздер айтса, яғни ол бойынша жаза 7 жылға соттау. Ал екінші видеоны сепаратистік әрекетке жатқызуға болады, яғни 180-бап. Ол бойынша еліміздің тұтастығы, унитарлығына қарсы әрекет еткендерді қылмыстық жауапкершілік бойынша 10-15 жылға сотталуын талап етеміз.

«Бірінші видеода «мас болдым, жаздым-жаңылдым» десе, мына видео бойынша не дер екен. Бұл видео бірінші видеоға дейін түсірілсе керек. Тағы да украин блогерлеріне сұхбат беріпті. Қысқасы бұның іші толған қазақ халқына, республикасы мен билігіне, мемлекетіне деген өшпенділік екені көрініп тұр. Еліміздің құзырлы органдары нақты заң бойынша соттайды деп ойлаймын. Енді ақталуға ешқандай мүмкіндігі жоқ сияқты. Бір емес, екі видео дәлел бар. Құрметті ҚР Бас прокуратурасы әділетті шешім күтеміз, сенеміз» дейді Асхат Кеңесәлі.