Ресей армиясына тағы 400 мың адам шақырылады

0

Ресей президенті Владимир Путин Украинада қарулы күштерінің қатарын толықтыру үшін тағы 400 мың адамды әскерге шақыруға бұйрық берді. Бұл туралы Bloomberg-тің мәліметіне сүйенген rast.kz хабарлады.

Bloomberg-тің дерегіне қарағанда, Ресей билігі осылайша мәжбүрлікпен жүргізілген бірінші мобилизацияны қайталамауға тырысып жатыр. Ал әскерге ішінара жұмылдырудың бірінші кезеңінде елдің жаппай соғысты қолдаудан бас тартып, бірден шетелдерге қарай қашқаны белгілі.

Сол кезде, яғни былтырғы қыркүйек айынан бері мобилизациямен Украинаға барғандардың барлығы дерлік бірден соғыс майданына салынып жіберілді. Олардың көпшілігі қаза тапты.

Ал қазіргі науқанның мақсаты – жалдамалыларды қатарға тарту арқылы Ресейдің Украинадағы әскер санын қайтадан көбейту болып отыр.

Шетел сарапшыларының айтуынша, Ресей билігінің жоспары орындалмай қалуы мүмкін. Себебі қазір Ресей армиясына тұрмыстық жағдайы өте нашар адамдар қосымша табыс көзін табу үшін ғана барады.