«Ресей 1 күннен кейін Украинаға шабуыл жасауы мүмкін» – Зеленский (видео)

0

Владимир Зеленский Украина халқына жасаған үндеуінде 16 ақпанда шабуыл болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды кznews.kz сайты.

«Бізді үлкен соғыс болады деп қорқытады және тағы да әскери басып алу күнін белгіледі. Бұл бірінші рет емес. Бірақ біздің мемлекет қазір бұрынғыдан да күшті. 16 ақпанда шабуыл болатынын айтты. Ол күні бірлік күні болады. Жарлыққа қазірдің өзінде қол қойылды. Ол күні біз мемлекеттік туларды іліп, көк және сары ленталар тағып, бүкіл әлемге бірлігімізді көрсетеміз», – деді ол.

Ол билік қауіпсіздік жағдайын бақылап отырғанына, ал Украина әскері шабуылға табандылықпен тойтарыс беруге заманауи қару-жараққа ие екеніне сендірді.

«Біз ешқашан беріліп көрмегенбіз және оған үйренбейміз де. Иә, қазір бәрі бұлыңғыр сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ ертең бейбіт аспанымызда күн қайта көтеріледі. Украинаны сүйіңіз! Біз сабырлымыз. Біз күштіміз. Біз біргеміз, ұлы елдің ұлы адамдары!» – деді Зеленский.

Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыз.