Прокуратура: «Көк төбедегі» мұнараны басып алуға қатысудан бас тартқаны үшін алматылыққа екі рет оқ атқан

0
57

Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде «Көк-Төбе» мұнарасын басып алуға қатысудан бас тартқан тұрғынға екі рет оқ атылған, деп хабарлайды кznews.kz сайты бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Прокуратураның хабарлауынша, 6 қаңтар күні қылмыскерлер телемұнараны басып алуды жоспарлап, бейбіт тұрғындарды бірлесіп қылмыс жасауға шақырған. Ал көнбеген алматылықтарға оқ атып, өмірлеріне қауіп төндірген.

«1992 жылы туған азамат бас тартқан соң қылмыскерлер оған мылтықпен екі рет оқ атқан, нәтижесінде жәбірленуші қолынан және жыныс мүшелері тұсынан жарақат алған. Аталған қылмыстың ұйымдастырушысы ұсталды, ол бұрын сотталған 1983 жылы туған Алматы қаласы маңының тұрғыны болып шықты. Оның қылмысқа қатыстылығы куәгерлердің түсініктемелерімен дәлелденеді. Ол а.ж. 25 қаңтарда соттың санкциясымен қамауға алынды», — деп хабарланды баспасөз қызметінен.