Рамазан айы 2019: оразаға қатысты жиі қойылатын сұрақтардың жауабы

0

Биыл мұсылман қауымы асыға күтетін он екі айдың сұлтаны қасиетті Рамазан айы 6 мамыр, дүйсенбі күні басталады. Қадір түні 31 мамырдан 1 маусымға ауған түн — Қасиетті жұмаға түсіп отыр. 4 маусым күні Ораза айт мейрамы басталады. Құрбан айт 11-13 тамыз күндері болады.

Рамазанда ораза ұстау мұсылманға парыз. Араб тіліндегі «саум» (ораза) сөзі «адамның өзін тізгіндей білуі және жол бермеу» деген мағынаны білдіреді. Оразаның терминдік мағынасы – ниет ете отырып, таңның атысынан күннің батысына дейін ішіп-жеуден және басқа да нәпсі қалауынан тыйылу. 

Тағы оқыңыз: Оразаны бұзатын және бұзбайтын жағдайлар

Рамазан айында Алланың мейірімі төгіліп, жұмақтың есігі айқара ашылып, тозақ есіктері жабылып, жын-шайтандар шынжырланады және осы айда тілектер қабыл болады.

Тағы оқыңыз: Оразаға қалай дайындалу керек?

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына оразаға қатысты көптеген сауал түседі. Ауыз бекітуге ниет еткендерді негізінен мынадай сұрақтар мазалайды екен:

  • Оразада сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді?
  • Сәресі уақытын күн шығысымен тоқтату керек пе?
  • Намаз оқымайтын адамның оразасы қабыл бола ма?
  • Ескі оразадан қарызы бар адам не істеуі керек?
  • Тарауих намазын тек ораза ұстағандар ғана оқи ма?
  • Сілекей жұтса, ораза бұзыла ма?
  • Ораза ұстаған адамға төсек қатынасына түсуге бола ма?
  • Ұшақтағы адам ауызашар уақытын қалай анықтайды?

Жиі қойылатын сауалдарға ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімі сараптама секторының меңгерушісі Медет Құрмашұлы жауап берді. Толығырақ видеодан көре аласыздар.



sputniknews.kz