Қазақстанға Оңтүстік Корея президенті келді

0

Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин Қазақстанға ресми сапармен келді деп хабарлады жексенбі, 21 сәуірде қазақстандық сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. Нұр-Сұлтан әуежайында Оңтүстік Корея президентін Қазақстанның сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов бастаған делегация қарсы алды.

Сапар аясында Мун Чжэ Ин Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев және қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеседі.

Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин бұған қоса, қазақстан-корей бизнес форумына қатыспақ.

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз