Қызылордада келіні қайын атасын өлтірген

0
124
Қызылордада келіні қайын атасын өлтірген


Қызылордада келіні алпыстан асқан қайын атасын өлтірді.

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты аталмыш қылмыстық іс бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл отбасында кикілжің орын алған. Жасы алпыстан асқан қария отбасылық кикілжіңде келінінің бетінен шапалақпен тартып жіберіп, бөлмеден шығып кеткен. Ашуға берілген келін қайын атасынан есе қайтаруға тырысады. Сол ашумен ол кісінің бөлмесіне барады. Бұл сәтте қайын атасы етпетінен ұйықтап жатыр еді.

«Келіні қайын атасының арқа тұсынан екі мәрте пышақты тығып алады. Сол жақ жауырыны мен омыртқа тұсынан жарақат алған азамат ауруханада көз жұмды», – делінген

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты таратқан хабарламада. Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы Б. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен (адам өлтіру) кінәлі деп танылды. Ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу белгіленді.

Одан басқа сотталушыға жазамен бірге амбулаториялық мәжбүрлеп байқау және психатрда емдеу түрінде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары тағайындалды. Естеріңізге сала кетелік, Қызылордада жолаушылар автобусының жүргізушісі масаң күйде көлік басқарғанын бұдан бұрын хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ, Қызылордада полиция қызметкері жедел-іздестіру құжаттарын бұрмалаған.