Түркіменстан президентінің кезекті кітабы жарық көрді

0

Көптомдық кітап түркімен, ағылшын, орыс тілдерінде басылып шығып жатыр.

«Кітапта елде халықаралық және конституциялық ұстанымдарға сәйкес жүргізілген құқықтық реформаларға үлкен мән берілген»,- деп хабарлайды ТДХ мемлекеттік агенттігі.

«2017 жылдың маңызды оқиғаларының бірі – Гурбангулы Бердімұхамедов жеңіске жеткен президент сайлауы болды. Ол мемлекет басшысы қызметіне үшінші рет қайта сайланып отыр. Бұл – халықтың президент жүргізіп отырған саяси бағытын қолдауының айғағы», – деп атап өтеді ақпарат агенттігі.

Президент Гурбангулы Бердімұхамедов 2006 жылдың соңында билікке келгеннен бері 50-ден астам кітабы түркімен және шет тілдерінде жарық көрді. Бір 2017 жылы Бердімұхамедовтің әртүрлі тақырыпта бірнеше кітабы басылып шықты.

Abai.kz

Дереккөз: https://abai.kz/

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз