Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 аралас мекемесінен 31 азамат қамаудан босатылды
Бүгін Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 аралас мекемесінен «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасы бойынша 31 сотталған азаматты шығарып салу іс-шарасы өткізілді.
Ол азаматтарға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 72 бабына сәйкес 15 азамат шартты түрде мерзімінен бұрын және 73 бабы бойынша 16 азаматтың жазасының өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру қолданылды. Қылмыстық кодекстің 72 бабына сәйкес 16 азамат босатылса, 73 бабы бойынша 15 азамат қамаудан босатылды.
Аталған іс – шараға ҚАЖ департаментінің сотталғандар арасында әлеуметтік психологиялық жұмыстарын жүргізу тобының бас маманы әділет майоры Есмаханов Жалғасбай Есмаханұлы, Қызылорда қалалық пробация қызметкерлері, Қызылорда облысы бойынша қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығының өкілі қатысты. Қылмыстық кодекстің 72 бабына сәйкес босатылған азаматтарды ішкі істер органдары есепке алса, 73 бабы бойынша босатылған азаматтарды пробация қызметі пробациялық бақылауға алып, қадағалайды деді,- Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің сотталғандар арасында әлеуметтік психологиялық жұмысы бойынша тобының бас маманы әділет майоры Есмаханов Жалғас Есмаханұлы.
Мекемеден босатылған 31 азаматқа әлеуметтік байланыстарды орнату, кәсіби білім алу, біліктілігін арттыру, жұмыспен қамту, кепілді медициналық көмегін алу, құқықтық көмек, құжаттарын қайта қалпына келтіру бағыттары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кеңестер берілді.