Тоқаев Беларусь Қауіпсіздік кеңесінің мемлекеттік хатшысымен кездесті

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Президент ҰҚШҰ Еуразия құрлығындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Қауіпсіздік кеңесінің мемлекеттік хатшысы Станислав Засьті қабылдады. Бұл туралы мемдекет басшысы Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

«Әскери-саяси ықпалдастықты, атап айтқанда, ҰҚШҰ  (Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы) шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелерін талқыладық», – деп жазды Тоқаев.

Ол ҰҚШҰ Еуразия құрлығындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

​Бұған дейін Станислав Зась Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының (ҰҚШҰ) бас хатшысы лауазымына қсынылды. Оның кандидатурасына ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер сыртқы істер министрлері кеңесі келісім берді.

ҰҚШҰ бұрынғы бас хатшысы Юрий Хачатуров Армениядағы 2008 жылғы тәртіпсіздіктер туралы іс бойынша қылмыстық қудалаумен байланысты қызметінен босатылды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз