Қызылорда облысында екі автобус соқтығысып, 3 адам қайтыс болды

0
Қызылорда облысында екі автобус соқтығысып, 3 адам қайтыс болды


16 қараша күні Қызылорда қаласына 130 шақырым қашықтықта ірі жол апаты болды.

Кешкі сағат 19:00 шамасында «Самара — Ташкент» тас жолында Қызылорда — Қармақшы және Қазалы — Қызылорда жолаушылар автобусы соқтығысқан. Екі автобуста барлығы 86 адам болған.

Қызылорда облысының Қармақшы ауданында соқтығысқан екі автобустың 29 жолаушысы ауруханада жатыр. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, Денсаулық сақтау, жұмылдыру дайындығы басқармалары және жергілікті полиция қызметі басшыларының қатысуымен өткен брифинге мәлім етілді.

«Апат орнында 2 адам қайтыс болды және  ауыр жарақат салдарынан ауруханада бір бала көз жұмды», — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының орынбасары Олжас Ысқақов.