Қызылорда облысында 63 отбасы қоныс тойын тойлауда

0
18 Қараша 2018, 17:22 223 0

Астана, BAQ.KZ. Жаңақорған ауданында «Шалқия Цинк» АҚ мен «Стройсервис СК» ЖШС қызметкерлеріне арналған 63 пәтерлік 2 көпқабатты қызметтік тұрғынүй пайдалануға берілді. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Екі тұрғынүйдің жалпы көлемі – 3 мың шаршы метр.

«Бүгінгі күні баспана елдегі ең өзекті мәселелердің бірі екені даусыз. Дегенмен, өңірде баспана мәселесін шешудің оңтайлы жолдары қарастырылып, түрлі байыпты бағдарламалар қолға алынып, жүзеге асуда. Мәселен, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мақсатында облыста арнайы «Орда» тұрғынүй құрылысының «Жол картасы» әзірленіп, облыстық бюджеттен жыл сайын қажетті қаржы бөлу туралы шешім қабылданды. Оны іске асыруға 3,5 млрд. теңге қарастырылды. Бұл бағдарламаның мүмкіндіктерін апатты үйлер мен жатақханаларда тұрған тұрғындар пайдаланып үлгерді Осылайша, «Орда» бағдарламасы Елбасы бастамасының жүзеге асуының нақты көрінісі», — деді аймақ басшысы.

Қоныс той иелері де өз қуаныштарын жеткізді.

«Ең алдымен, Мемлекет басшысы мен облыс басшылығына үлкен алғысымды білдіремін. Жеке тұрғын үй алу кез келген адам үшін үлкен қуаныш деп ойлаймын. Бұған дейін біз ата — анамызбен бірге тұрдық, бүгін жаңа екі бөлмелі барлық жағдайы жасалған жайлы пәтерге ие болып отырмыз», — деді «Шалқия Цинк» АҚ қызметкері Руслан Еңсегенов.

Естеріңізге сала кетейік, осы аптада Сырдария ауданының орталығы Тереңөзек кентінде 42 пәтерлік 2 тұрғынүй пайдалануға берілген болатын. Тұрғынүйді бюджет қызметкерлері, аз қамтылған отбасылар, жетім балалар мен апатты жағдайдағы үйлердің тұрғындары алды.

Айта кетейік, бүгінде Қызылорда облысының аумағында 1747 пәтерлік тағы 69 көппәтерлі тұрғынүйдің құрылысы жүргізілуде. 55-і биыл іске қосылады, олардың қатарында Сырдарияның сол жағалауындағы 14 көппәтерлі тұрғынүйден құралатын тұтас шағын мөлтек ауданды пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Өңірде соңғы 2 жылда мемлекеттік қаражат және жеке мердігерлердің есебінен 500 мың шаршы метр тұрғынүй салынған.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ