ҚР Инвестициялар және даму министрлігі энергияны тиімді пайдалануға шақырды

0

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі энергияны тиімді пайдалануға шақырды

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің бірінші вице-министрі Роман Скляр Астанада өткен Бірінші халықаралық энергия үнемдеу форумында Қазақстнада өндірілетін энергияны тұтынудың тиімді мәселелерін қозғады.

«Жаһандық экономиканың қарқын алып, әлем халқының өсуімен энергетикалық ресурстарға деген қажеттік күрт өсіп кетті. ХХ ғасырдың соңғы жиырма бес жылдығында жалпы әлемдік энергияны тұтыну 56%–ға артқанын айтудың өзі жеткілікті. Қазір энергия тиімділігі – әлемдік «жасыл» экономиканың негізгі трендтерінің бірі, ол технологиялық дамудың барлық аспектісін, экономиканы жаңғырту мен әртараптандыруды, ең бастысы – экономиканың бәсекеге қабілеттігі мен тиімдігін арттыруды негізге алады», – дейді вице-министр.

Роман Скляр айтуынша, энергия үнемдеу еліміздің жаңа энергетикалық ресурсына айналмақ.

«Қазақстан экономикасының өркендеуімен энергоресурстарға деген қажеттік үдеп келеді. Сонымен бірге, тәуелсіздік кезеңінде Қазақстанның шартты ЖІӨ бірлігінің энергия сыйымдылығы 52%-ға түсті, бұл уақыт аралығында әлемдік экономиканың энергия сыйымдылығы 21%-ға төмендеген. Соңғы он жылда Қазақстанда энергияны үнемдеу бойынша бірқатар шарт жасалды: салалық заң, өңірлік кешенді энергия үнемдеу жоспарлары, мемлекеттік энергетикалық тізілім, энергия үнемдеуді дамыту институты. Сонымен қатар, БҰҰ Даму Бағдарламасы, ЮНИДО, ДЕНА, Дүниежүзілік банк және басқалар сияқты халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жолға қойылды.

Қазақстандағы энергетикалық ресурстар өнеркәсіп секторына тиесілі, мысалы, электр энергиясының 67%-ы ірі өнеркәсіптік тұтынушыларға тиесілі. 65 өнеркәсіптік кәсіпорын еліміздің барлық энергетикалық ресурстарының 30%-дан астам бөлігін тұтынады», – деді вице-министр.

Р. Скляр сондай-ақ энергия тиімділігі бойынша жұмысты күшейту бойынша президент Назарбаев тапсырма бергенін еске салды.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз